- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- Киберқауіпсіздік офицері
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг және мансап басқармасы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму стратегиясы
- Корпоративтік басқару
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
«Информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» білім беру бағдарламасының тарихы
Информатика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасы 1990ж. Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының Ғылыми кеңесінің шешімімен информатика және есептеуіш техника кафедрасы болып ашылған. Кафедраның алғашқы меңгерушісі болып ф-м.ғ.к., профессор С.Азаматов тағайындалды.
С.Азаматов –С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің түлегі, КСРО Сібір бөлімшесінің Есептеу орталығының аспирантурасын бітірген, академик М.М. Лаврентьевтің шәкірті. Көптеген жылдар бойы физика-математика, экономика және менеджмент факультеттерінде кафедра меңгерушісі, факультет деканы болып қызмет жасады. Қазір әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің аға ғылыми қызметкері.
Кафедрада сол кезде оқытушы-профессорлары ф-м.ғ.к., профессор О.К.Камардинов, ф-м.ғ.к., доцент В.Ким, т.ғ.к., В.Свечников, аға оқытушылар Ш.Бимұратов, К.Жүсіпбек, Ж. Сәтбаева және оқытушылар Б.Қалиев, Н.Ибрагимова, Д.Байзілдаева, Л.Теңізқұлова, А. Жандосовтар қызмет етті.
1993 жылы кафедра информатика,есептеуіш техника және машиналар кафедрасы болып өзгертіліп, материалдық-техникалық базасын нығайтты. Оқу процесін, оқу-әдістемелік және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын талапқа сай көтеруде көптеген жылдар бойы кафедра меңгерушісі болған т.ғ.к.,доцент С.Қашқынбаев, профессор С.Азаматов, О.Камардинов және аға оқытушылар Ш.Бимұратов, К.Жүсіпбек, Н.Ибрагимова үлкен жұмыстар жүргізді, информатика пәніне арналған көптеген оқу-әдістемелік құралдар осы кезеңде жарық көрді және жаңа компьютерлік кластар пайда болды.
Кафедра құрамы университеттің физика және информатика, математика және информатика мамандықтарын бітірген жас мамандары Ұ.Әйтімова, Р.Әлменаева, Г.Мукеева, С.Ниязбаева, Е. Мақашев және Б. Досжановтармен толықты.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті құрылғаннан кейін Информатика кафедрасы қайта ашылып, кафедра меңгерушісі болып ф-м.ғ.к., доцент Ғ.Баканов тағайындалды. Кафедрада п.ғ.д., доцент С.Кариев, ф-м.ғ.к., доцент Е. Әбжанов, Н.Тұрлығұлова, Б. Досжанов, Р.Әлменаева, А. Дәрібаев, Қ. Қалауова, М. Жаңабатыров және Ә. Баялиевтар қызмет жасады. 1999-2000 оқу жылында информатика кафедрасы қолданбалы математика кафедрасымен біріктірілді.
Университетте 2000-2001 оқу жылында информатика мамандығының ашылуына байланысты қолданбалы математика кафедрасынан бөлініп, өз алдына информатика кафедрасы құрылды. Кафедра меңгерушісі болып т.ғ.к., доцент Б.К.Калиев тағайындалды, аталған кафедраны 6 жыл басқарды. Кафедра оқытушылары информатика мамандарын дайындаумен қатар университеттегі экономикалық, инженерлік және педагогикалық мамандықтары бойынша білім алушы студенттерге дәріс оқиды. Сол кездегі кафедраның құрамында аға оқытушылар С. Тоқсанова, Н. Ибрагимова, Р. Әлменаева, Б. Досжанов, Баубекова, Б. Жарменова, Б. Жүсіпбек, А. Нұрғалиева, С. Тілеубай, Д. Махаева, Д. Марат болды.
2002-2003 оқу жылында кафедра информатика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасы болып өзгертілді. Кафедра университетті үздік бітірген Н. Құлмырзаев, С.Ахметов, С. Сағаева, С.Биманова, Ж. Үмбетай және С. Касаева сынды жас мамандармен толықтырылды.
2006-2009 оқу жылдар кафедра меңгерушісі болып п.ғ.к., доцент С.Үсенов тағайындалды. Кафедра оқытушы-профессорлар құрамына белгілі ғалымдар: п.ғ.д., профессор Е.Бидайбеков, п.ғ.д., профессор В.В. Гриншкун тартылды. Кафедра Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің информатика және қолданбалы математика кафедрасымен, Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің білім саласын ақпараттандыру кафедраларымен тығыз байланыс орнатып айына бір оқытушы кәсіби біліктілігін арттырып отырды.
2007 жылы кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент С.Үсенов Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орынының үздік оқытушы мемлекеттік грант иегері атанды.
Кафедра мүшелері бүгінгі заман талабына сай орта және арнаулы оқу орындарына білікті мамандар даярлаумен қатар республика және облыс көлемінде информатиканы оқыту үдерісін жаңа ақпараттық технологиялар негізінде қайта құру жұмыстарына атсалысып келеді.
Кафедраның оқу-материалдық базасы ұдайы толықтырылуда. Жаңадан «Жаңа ақпараттық технологияларды оқыту барысында қолдану әдістемесі» зертханасы ашылып, зертхана соңғы үлгідегі компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиа, сканермен жабдықталды.
2007 жылы Қызылорда облысы әкімдігімен Корей Республикасы Кенгидо провинциясының білім департаменті арасында өзара ынтымақтастық келісімшартқа қол қойылды. Осы келісім шарт негізінде кафедраның №211 зертханасына (Pentium(R) 4.ОЗУ 256МБ) 30 компьютер, «DATA BOARD» интерактивті тақта орнатылып, информатика мамандығының студенттеріне арнайы пәндерден дәріс берілуде. Келісімшарт аясында ғалымдар жыл сайын тәжірибе алмасуды дәстүрге айналдырды. Кафедраның аға оқытушысы, п.ғ.к. Н.Ибрагимова Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» стипендиясының иегері атанып, Малайзия еліндегі Mutiara.com ғылыми-зерттеу мекемесінде 2 ай мерзімге ғылыми тағылымдамадан өтті.
2009-2010 оқу жылынан бастап кафедра меңгерушісі болып т.ғ.к. А.Сейтмұратов тағайындалды. Бұл жылы кафедрада Оңтүстік Корея елінен Ли Хе Ен мырза волонтер ретінде оқытушылық қызмет атқарды.
Информатика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасы Мәскеу қаласының педагогикалық университетінің Білім саласын ақпараттандыру кафедрасымен, К.А. Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлы университетіндегі Қолданбалы информатика кафедрасымен және Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің информатика және қолданбалы математика кафедрасымен, Қазақстан педагогикалық Ғылымдар академиясымен тығыз ғылыми байланыста.
Кафедраның ғылыми жұмыстары жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалана отырып, информатиканы оқыту әдістемесінің әр түрлі салаларын зерттеуге бағытталған.
2011-2012 оқу жылы кафедра меңгерушісі болып п.ғ.д., профессор С.Үсенов, оқу жылының екінші жартысында кафедра түлегі э.ғ.к. Н.Құлмырзаев кафедра меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
2012-2013 оқу жылынан 5В060200-Информатика (жаратылыстану бағыты) мамандығына арнайы пәндер ағылшын тілінде оқытылды. Атап айтқанда, «Дискретті математика», «Информатиканың теориялық негіздері», «Программалау», «Алгоритм және берілгендер құрылымы», т.б. пәндер бойынша студенттер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім алды.
2013-2016 жылдар арасында кафедра меңгерушісі болып п.ғ.д., профессор С.Үсенов басқарды.
2016-2017 оқу жылында «Информатика» кафедрасының негізінде «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасы құрылды. Кафедра меңгерушісі-техника ғылымдарының кандидаты А.О. Дәуітбаева басқарды.
2016-2017 оқу жылында магистратураға тұңғыш рет 12 магистрант (бейіндік бағыты бойынша) ағылшын тілінде оқуға мемлекеттік білім грант негізінде қабылданып, магистрлік жобаларын ағылшын тілінде қорғап шықты.
Қазақстанның ЖОО білім беру бағдарламаларының 2016 жылғы рейтингі (НААР) нәтижесі бойынша 5В011100- Информатика мамандығы 2 орын, 6М011100- Информатика мамандығы 3 орын иеленген.
2016 жылы педагогика ғылымдарының докторы С.С.Үсенов, педагогика ғылымдарының кандидаты Н.Ж.Ибрагимова Қорқыт Ата атындағы Алтын медальмен марапатталды. Сонымен қатар С.С.Үсенов Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі болып сайланды.
Барлық бакалавриат мамандықтарына «Информатика» пәнінің орнына «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» пәні ағылшын тілінде жүргізілетін болып, тиісті біліктілік көтеру курстарынан өткен кафедра оқытушылары нәтижелі дәріс беріп келеді.
2018-2019 оқу жылында кафедра меңгерушісі PhD доктор М.Ж.Айтимов тағайындалды. 2018-2019 оқу жылында кафедра оқытушылары қазан - мамыр айлары аралығында Ш.Есенов атындағы қордың ұйымдастырылуымен ағылшын тілі курсына қатысып, сертификат алды. Осы қор бойынша кафедраның 4-оқытушысы С.Тоқсанова, Г.Мукеева, Р.Альменаева, Б.Жарменова IELTS емтиханын тапсырды. 2018-2019 оқу жылының екінші жарты жылдығында «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі болып п.ғ.к., С.Ш.Тілеубай тағайындалды. 2019-2020 оқу жылында кафедра атауы «Информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасы болып өзгертілді.
Кафедра Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасымен, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Информатика және қолданбалы математика» кафедрасымен, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Қолданбалы математика және информатика» кафедрасымен тығыз ғылыми-әріптестік байланыс орнатқан.
Кафедраның ғылыми жұмыстары жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалана отырып, ақпараттық-коммуникацияны оқыту әдістемесінің әр түрлі бағыттарын қамтиды. 2019-2020ж.ж. оқу жылында №306 зертханалық кабинетті «Робототехника негіздері» атауымен атап, жабдықталды.
Кафедра оқытушылары Г.И. Мукеева, Р.У. Альменаева, Б.К. Жарменова – 2019 ж. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-не докторантураға түсті. Б.К. Жүсіпбек 2019 ж. Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетіне, 2017ж. Г.Ш. Мусагулова - Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің докторантурасына түсті. Кафедра жас оқытушылары А.Р.Тобашев пен С.Б.Нажен 2021-2022 оқу жылында Қорқыт Ата атындағы ҚУ докторантурасына түсті.
2021-2022 оқу жылында мамандандырылған халықаралық аккредиттеуден БББ 6В01514-Информатика және БББ 7М01514-Информатика 5 жыл мерзімге аккредиттеуден өтті. Қазіргі таңда кафедрада 6В01514-Информатика (педагогикалық мұғалімдер даярлау бағыт), БББ бойынша бакалаврлар, 7М01514-Информатика (педагогикалық бағыт), БББ бойынша магистранттар даярлануда.
Желтоқсан айында бас оқу ғимаратының №402 ауд. "Информатика саласындағы PhD докторанттары мен жас зерттеушілерге арналған озық орталық –ACeSYRI" Еуропалық Одақтың Эразмус+ жобасы бойынша жобадан ұтқан жаңадан зертханалық кабинет ашылды. Кабинетте 15 моноблок, 5 ноутбук, интерактивті ТВ панель сабақ үдерісінде пайдаланады.
№214 зертханалық кабинетке жаңадан STEM кабинет ашылып, материалдық техникамен жабдықталды.
Байланыстар
Тілеубай Сарсенкул Шайкамалқызы
___________________________________
Білім беру бағдарламасының жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
8 775 8489 965
«Информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» білім беру бағдарламасы
Профессор-оқытушылар құрамы
Тілеубай Сарсенкул Шайкамалқызы
- Лауазымы: Білім беру бағдарламасының жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
- Ақпарат
Остаева Айымхан Батырханқызы
- Лауазымы: Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
- Ақпарат
Мусагулова Гүлнұр Шакизадақызы
- Лауазымы: Жаратылыстану ғылымдары ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
- Ақпарат
«Информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» білім беру бағдарламасының материалдық-техникалық базасы
«Білім берудегі цифрлық технологиялар» дәрісханасы
«STEM 3D моделдеу» зертханасы
Физика – математика ғылымдарының кандидаты, профессор Оралхан Камардинов атындағы мультимедиалық зертхана
«Робототехника негіздері» зертханасы
«Еуропа Одағының Эразмус+ бағдарламасы ACeSYRI жобасының орталығы»
«Информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» білім беру бағдарламасының қабылдау комиссиясы
Бакалавриат:
Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Назарбаев даңғылы 15 (Абай 66а) №5 оқу ғимараты
Телефон номері: 8(7242) 23-53-92, 8 776 538 88 99
Магистратура және докторантура:
Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Назарбаев даңғылы 15 (Абай 66а) №5 оқу ғимараты
Телефон номері: 8(7242) 23-53-92, 8 776 538 88 99
Қабылдау уақыты
Дүйсенбі - жұма сағ. 9:00-18:00
Демалыс күндері: сенбі, жексенбі
korkyt_ata_university - Instagram талапкерлерге Қорқыт Ата университетіне оқуға түсу туралы көбірек ақпарат алуға болады.
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
Call center
+7-7242-558877
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...