Жапониядан келген ғалымдар студенттерге дәріс оқыды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 22 сәуір 2025
  • 109

Жапониядан келген ғалымдар студенттерге дәріс оқыды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Тарих және археология» білім беру бағдарламасының оқытушылары мен студенттері Жапонияның Жетілдірілген талдау ғылыми-зерттеу орталығы, Ұлттық қоршаған ортаны зерттеу орталығының  аға ғылыми қызметкері, PhD Масахико Кумагай және Токио қаласы, Мэйдзи университетінің Обсиадан және тастарды зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, PhD доктор Эйко Эндомен кездесті.

WhatsApp Image 2025-04-22 at 18.30.21.jpeg

WhatsApp Image 2025-04-22 at 18.33.08.jpeg

WhatsApp Image 2025-04-22 at 18.30.22.jpeg

Кездесудің мақсаты – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Жапониядағы ғылыми-зерттеу орталықтарының арасындағы ынтымақтастықты нығайту, тарихи-археологиялық зерттеулер бойынша бірлескен жобаларды талқылау, сонымен қатар Қазақстан мен Жапониядағы археологиялық мұралар бойынша тәжірибе алмасу болды. 
Іс-шарада ғалымдар археология саласындағы соңғы ғылыми жетістіктерді баяндап, ежелгі сәулет нысандарының зерттеу әдістері мен жаңалықтарын таныстырды. Сонымен қатар, осы сала бойынша болашақ кадр дайындау мәселесі де жан-жақты талқыланды.

WhatsApp Image 2025-04-22 at 18.30.22 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-04-22 at 18.30.21 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-04-22 at 18.31.00.jpeg

Дәріс барысында геохимиялық, минералогиялық әдістермен ежелгі қыш ыдыстарды зерттеу, экологиялық мониторинг пен археологиялық нысандардың сақталуын қамтамасыз етудің заманауи тәсілдері туралы баяндамалар жасады.
Жиын соңында студенттер сұрақтарын қойып, белсенді пікір алмасты.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...