Пәндік олимпиада жеңімпаздары
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 23 сәуір 2025
  • 135

Пәндік олимпиада жеңімпаздары

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша «Мектепке дейінгі білім беру тәжірибесіндегі ұлттық құндылықтарды қолдану ерекшеліктері» атты XVII республикалық пәндік олимпиада өтті. 
Кездесуге Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай, «Шаттық» бөбекжай бақшасының меңгерушісі Зафура Ерназарова, «Алпамыс» бөбекжай бақшасының меңгерушісі Қарлығаш Қарақұлова, «Алтын ұя» бөбекжай бақшасының әдіскері Тахмина Шамахунова және «Педагогика, психология және бастауыш оқыту әдістемесі» білім беру бағдарламасының оқытушылары мен студенттері қатысты.

WhatsApp Image 2025-04-23 at 16.12.15.jpeg

WhatsApp Image 2025-04-23 at 16.12.16.jpeg

WhatsApp Image 2025-04-23 at 16.12.16 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-04-23 at 16.12.19.jpeg

Олимпиаданың мақсаты – студенттердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту. 
Жарысқа Қазақстанның жоғары оқу орындарынан 12 команда қатысып, 4 кезең бойынша бақ сынады.
Бірінші кезең «Тәрбиеші-балабақшаның тірегі» атты командалардың таныстырылуы. Екінші кезең «Ертегілер еліне саяхат». Командалар қазақ халық ертегілерін қазіргі уақытпен ұштастыра отырып, театрландырылған қойылым қойды. Үшінші кезең «Білімді мыңды жығар» теориялық байқау. Төртінші кезең «Ойна да, ойлан, Балақай!» (үй тапсырмасы, бейне ойын іс-әрекеті).

WhatsApp Image 2025-04-23 at 16.12.20.jpeg

WhatsApp Image 2025-04-23 at 16.12.20 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-04-23 at 16.12.19 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-04-23 at 16.12.18.jpeg

Сайыс қорытындысы бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті I орын, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті II орын, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педогогикалық университеті және І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті III орын иеленді.
Команда мүшелерін жеңістерімен құттықтаймыз!

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...