«Химия жүректе»: болашақ педагог-химиктерге арналған кәсіби бағдар кездесуі
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 22 сәуір 2025
  • 97

«Химия жүректе»: болашақ педагог-химиктерге арналған кәсіби бағдар кездесуі

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 1–30 сәуір аралығында өтіп жатқан «Әлемді ғылым құтқарады» ғылым айлығы аясында Т.Д.Қуанышбаев атындағы ХБЗ ғылыми-білім беру орталығы мен «Биология, география және химия» білім беру бағдарламалары бірлестігінің ұйымдастыруымен «Химия өмір үшін» атты танымдық іс-шаралар топтамасы өтуде.
Аталған айлық аясында өткен маңызды шаралардың бірі — «Кәсіби тәжірибе және мансап: Бүгінгі білім алушы – ертеңгі маман» тақырыбындағы Meet up форматындағы кәсіби бағыт-бағдар беру кездесуі. Іс-шараға 6В01515–«Химия» білім беру бағдарламасының үздік түлектері мен 3-4 курс студенттері қатысты.

WhatsApp Image 2025-04-22 at 10.37.45.jpeg

WhatsApp Image 2025-04-22 at 10.37.46.jpeg

WhatsApp Image 2025-04-22 at 10.37.46 (1).jpeg

Жиынның негізгі мақсаты – болашақ педагог-химиктерге кәсіби мотивация беру, тәжірибе алмасу және олардың мансаптық бағытын айқындауға қолдау көрсету.
Бағдарлама екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім – Talk-show форматындағы сұхбат алаңы «Химия жүректе» деп аталды. Бұл бөлімде сала үздіктері өз тәжірибесімен, кәсіби өмірдегі қиындықтар мен жетістіктер жайлы әсерлі әңгімелерімен бөлісті.

WhatsApp Image 2025-04-22 at 10.37.47.jpeg

WhatsApp Image 2025-04-22 at 10.37.47 (1).jpeg

Екінші бөлім – «Quiz: Химиктер сайысы» атты танымдық-ойын түрінде өтті. Мұнда түлектер мен студенттер аралас командалар құрып, химиялық логикаға негізделген тапсырмаларды орындап, мұғалімдік жағдаяттарды шешу арқылы өз білімдері мен кәсіби біліктіліктерін көрсетті.
Іс-шара студенттер мен түлектер арасында кәсіби байланысты нығайтып, болашақ мамандардың тұлғалық және кәсіби дамуына серпін берді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...