- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- Киберқауіпсіздік офицері
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг және мансап бөлімі
- Жұмыс берушілер кеңесі
- 2024-2025 оқу жылына арналған магистратура бойынша кәсіби бағдар беру жол картасы
- Шетелдік студенттер санын көбейту мақсатында атқарылатын жұмыстар бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
- Жасанды интеллект институтының кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша 2024-2025 оқу жылына жылдық жұмыс жоспары
- Түйіндеменің үлгісі
- «Upgrade» алаңы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму стратегиясы
- Корпоративтік басқару
- Директорлар кеңесі
- Корпоративтік хатшы
- Корпоративтік оқиғалар
- Корпоративтік құжаттар
- Директорлар кеңесінің отырыстары
- Директорлар кеңесінің комитеттері
- Директорлар кеңесінің қызметі туралы есеп
- Басқарма
- Басқарма отырыстары
- Ішкі аудит қызметі
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызмет
- Жалғыз акционердің шешімдері
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Тәуекелдердің жиынтық картасы
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
- ТДМ
- Тұрақты даму саласындағы саясаты
- Тұрақты даму мақсаттары саласындағы саясатын іске асыру жөніндегі іс-шаралар
- Тұрақты даму саласындағы саясатын жүзеге асыру тетігі
- Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі маман
- Ғылыми жобалар
- Арал өңірі экожүйелерін зерттеу халықаралық орталығы
- Тұрақтылық бойынша білім беру бағдарламалары
- Тұрақты даму жөніндегі уәкілеттілер
- Инклюзивті білім беру орталығы

Бәрі де бақшадан басталады
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Назарбаев Университетінің ұйымдастыруымен «Аймақтық білім беруді дамыту және маңызды реформаларды енгізу» тақырыбында республикалық екі күндік семинардың екінші күні «Сәтті ерте балалық шақтың негізін қалай құруға болады?» модульдік жұмысымен басталды.
Алғы сөз алған Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Академиялық мәселелер бойынша проректоры Дана Абдрашева бүгінгі күннің көтеретін мәселелерінің маңыздылығына тоқталды. Бұдан соң ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Қызылорда облысы бойынша білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалия Дәулетова семинар жұмысының тізгінін өзі алды. Ал өз кезегінде тұшымды ой-пікірлерімен бөлісіп отырған Назарбаев Университеті, Жоғары білім мектебінің біліктілікті арттыру бағдарламалары жөніндегі департамент директоры Жаңыл Жонтаева қазіргі балабақшалардағы жасанды интеллекттің заңдық тұрғыдағы қолданысы мен өмір талабына сай байланысын атап өтті.
Интерактивті дәрісін «Мектепке дейінгі жасанды интеллект» тақырыбымен бастаған ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манара Адамова жасанды интеллектінің бала тәрбиесіндегі рөлін қазақы тәрбие, ұлттық салт-дәстүрге негіздеп қолдану қажеттілігіне баса назар аударды. Ол залдағы қатысушыларға жасанды интеллект турасында бірнеше сауалдар қою арқылы өз дәрісінің әлеуметтік сипат алуына жағдай жасады.
Директор Манара Адамова жасанды интеллекттің қазақтың өткен дәуірлермен сабақтастығын киіз үй, т.б. қолданыстағы заттармен байланыстыра отырып, ырым-тыйымдардағы жасанды интеллекттің белгі, сипаттарына кеңірек тоқталды. Сонымен бірге ол мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы жасанды интеллекттің заңнамалық бағдарламалар аясындағы дәл қазіргі жасалып жатқан жұмыстарына баса назар аудартты. Сондай-ақ, ол алпауыт елдер пайдаланып отырған жасанды интеллекттің өз хал-қадірімізше ұлттық сипат алуына барынша жағдай жасауымыз керектігін айтты. Қазіргі көп балабақшалардағы тәрбиешінің өзінің жұмысын немесе ата-ананың әрқайсысының өзінің ғана баласын көрсетуге бағытталған жұмыстан гөрі баланың ой-өрісін дамытуға бірлесуіміз қажеттілігіне терең тоқталды.
Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім берудегі жасанды интеллектті балабақшаға білім бағдарламасын енгізу жолдары мен шарттары туралы талдау жасап, жасанты интеллект көмегіне сүйеніп, бағдарлама жасаудың әдісі мен ережесін таныстырды. 2025 жылдың аяғына дейін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына арналған екі үлкен жобаның аяқталатындығын жеткізді.
«Жасанды интеллектті мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуы мен оқуы үшін қолдану. Білім берудегі цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект: жаңа тәсілдер. Балалардың когнитивтік және эмоционалдық дамуын диагностикалауға арналған жасанды интеллект. Баланың зияткерлік және физикалық дамуын қолдауға бағытталған инновациялық технологиялар» тақырыптарын өзінің басқарып отырған Қызылордадағы «Сыр Шуағы» балабақшасы негізінде ашып берген балабақша меңгерушісі Майра Күнқожаеваның жасанды интеллектімен жасаған интерактивті дәрісі көпшілікті елең еткізді. Интерактивті дәрістің өн бойында Күнқожаева аталмыш балабақшадағы пайдаланылатын жасанды интеллекттің ұлттық құндылықтарға әрі заманауи білім беру технологиясына негізделгендігін мысалдар арқылы бере білді.
Іс-шараның келесі кезеңінде «Сыр Шуағы» балабақшасы өз демонстрациялық сессиясын балабақша тәрбиеленушілерінің роботпен бірге билеуінен бастады. Бұдан соң семинар жұмысына қатысушылар әр түрлі атаумен командаларға бөлініп, жасанды интеллектің түрлі бағыт бойынша жасалған бағдарламаларымен танысып, балабақша бүлдіршіндерімен бірге жасанды интеллектті қолданып, балаға тән іс-қимылдармен балалық шаққа саяхат жасады.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ЖИ институтының директоры Нұрлан Құлмырзаев «Қазақстандағы мектепке дейінгі білім берудегі ата-аналардың қатысуына арналған ЖИ платформалары» тақырыбындағы баяндамасында Indigo, ED24.Kz, Sakura, Bilimal.kz платформаларының артықшылықтары мен кемшіліктерін талдып, ата-ана үшін пайдалы кеңестерін ұсынды.
Ал «Business start» кәсіпкерлік орталығының жетекшісі Жанарыс Тубекбаев «Kyzylorda Hub» бизнес-инкубаторы тақырыбы бойынша аймақтағы инновациялық жобаларды дамыту, стартаптар, инвесторлар мен менторларды бір арнаға тоғыстырып, ортақ идеяларды іске асыру екендігін тілге тиек етті.
Негізгі мақсаттары - кәсіпкерлік бағытта жаңа білімді дамыту, жобалардың прототипін жасау, инвестиция тарту, қаржылық есеп жүргізу.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушысы Оралбек Абдуллаев «Білім беру саласындағы деректерді талдауға арналған Power BI негізіндегі интерактивті білім беру платформаларын пайдалану» тақырыбындағы баяндамасында тәуелсіз сараптамалық шешімге қол жеткізу жолдарын, Power BI арқылы деректер визуализациясының ерекшелігін, пайдалы платформаларды қолдану әдістеріне талдау жасады.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушысы Айбек Оразбахов «Тәрбиешілерге қолдау көрсету және оқушылардың оқыту үдерісін жекешелендіруге арналған ЖИ-агенттерді құру» тақырыбында баяндама жасап, жасанды интеллекттің көмегімен әзірлеген платформасын таныстырды. Ерекшелігі бір ғана платформа арқылы тәрбиешілердің кәсіби жұмысын жеңілдетіп, оқушылардың жеке қабілеттері мен қажеттіліктеріне сай оқыту үдерісін жекешелендіру мақсатында жасанды интеллектке негізделген интеллектуалды агенттік.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің магистранты София Хайруллақызы «Мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылығы мен ұсақ моторикасын дамыту: қарапайым аниме-иллюстрациялар жасау» тақырыбында өз жобасы арқылы балалардың заманауи көрнекі бейнелерге және аниме стиліндегі мультфильмдерге деген қызығушылығын арттыру тәсілі туралы зерттеу тұжырымын ұсынды.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Қызылорда облысы бойынша білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Галия Даулетова «Білім беру саласында ашықтық пен тиімдібасқаруды қамтамасыз ету үшін технологияларды қолдану» тақырыбындағы баяндамасында қазіргі орта білім саласына жасалатын мемлекеттік бақылау түрлері, өзін-өзі бағалау құжаттары туралы, білім беру қызметін лицензиялау шарттары, білім сапасын сыртқы бағалау тетіктері төңірегінде танымды ақпаратпен таныстырды.
М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжінің директоры Жақсыгүл Тоғанова «Мектепке дейінгі білім беруде жасанды интеллектті қолдану бойынша педагогтердің құзыреттілігін арттыру» тақырыбындағы баяндамасында атқарылып жатқан жұмыстар мен студенттердің жасанды интеллекттің көмегімен жасаған интерактивті ойындарына ерекше тоқталды.
Қорыта келгенде екі күнге созылған республикалық семинар соңында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Каримова семинарға қатысушыларға алғысын айтып, ізгі тілегін білдірді.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: media_korkyt@mail.ru
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
Call center
+7-7242-558877
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...