Қаржылық сауаттылық – қоғам талабы 
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 10 қараша 2023
  • 2094

Қаржылық сауаттылық – қоғам талабы 

Қаржылық сауаттылық – қаржыны тиімді басқаруға мүмкіндік беретін білім. Оның мақсаты жалпы қаржы саласына деген дүниетанымды кеңейту, сол арқылы жаңа мүмкіндіктерді ашу және қаржылай зиян әрі шығын келтіретін жайттардан сақтандыру. 

Қаржылық сауаттылық бойынша халыққа кеңінен кеңес беріп жүрген білікті мамандардың бірі Экономика және құқық институтының “Экономика және басқару” білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты - Шайнуров Абай Серікұлы.

Абай Серікұлы «Qyzylorda» облыстық телеарнасының  «Өмірдің өзі» бағдарламасына қатысып, аталған бағдарламада қаржылық сауаттылық, «Қарызсыз қоғам» жобасы туралы талқылауға қатысты. Сондай-ақ, бұл жоба бойынша Сыр өңірінде қандай жұмыстар атқарылып жатқаны сөз болды.

Жобаның негізгі мақсаты – жеке тұлғалар арасында  проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыру.

Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың қаржылық сауатын арттырудың маңызын тілге тиек етіп, биыл мамырдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Қарызсыз қоғам» жобасының тиімділігін атап өтті.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...