- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- Киберқауіпсіздік офицері
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг және мансап басқармасы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму стратегиясы
- Корпоративтік басқару
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
Білім көкжиегін кеңейту: Амина Лаубаеваның Бельгиядағы тәжірибесі
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Есеп және аудит» мамандығының студенті Амина Лаубаева шетелде оқу арқылы өзіне ашылған жаңа мүмкіндіктер мен жетістіктер туралы сұқбат берді. Ол Бельгияда білім алу арқылы оқу тәжірибесін кәсіби және тұлғалық тұрғыдан дамытуға мүмкіндік алғанын айтты.
«Бельгияда оқу маған тек білім алып қана қоймай, мүлдем жаңа тақырыптарды меңгеруге мүмкіндік берді. Мұнда алған білім елімізде әлі де толық зерттелмеген салаларды дамытуға септігін тигізеді», – дейді Амина. Оның айтуынша, шетелдік білім алу академиялық жетістікке ғана емес, елге пайдалы жаңашыл ойлар мен жобаларды енгізуге де ықпал етеді.
Кейіпкеріміздің сөзінше, шетелде білім алу тек дәріске қатысумен, кітап оқумен ғана шектелмейді. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттермен достасып, олардың мәдениеті мен салт-дәстүрін жақыннан тануға мүмкіндік алады. «Шетелдік студенттермен әрбір әңгіме – білім мен мәдени айырмашылықтармен алмасу. Мен олардың әдет-ғұрыптары мен климаттық ерекшеліктері жайлы білсем, олар біздің Қазақстанның дәстүрлерімен танысады», – дейді.
Амина шетелде оқу арқылы кәсіби дағдыларын жетілдіріп, дүниетанымын кеңейткенін атап өтті. «Мұнда мәселелерді шешудің тың әрі жаңашыл әдістері ұсынылады. Бұл менің кәсіби қабілеттерімді одан әрі шыңдай түседі».
Сабақтан тыс уақытта Бельгия университеттері студенттерге мәдени іс-шараларға белсенді қатысуға жағдай жасайды. Музей мен театрларға жиі іс-шаралар ұйымдастырылып, саяхаттау арқылы Еуропа мәдениетін тереңірек түсінуге мүмкіндік алғанын айтты.
Сонымен қатар, Амина шетелде оқу барысында экологиялық сананың маңыздылығын ерекше бағалайтынын жеткізді. Тұрақты даму және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану идеялары оның дүниетанымын жаңа қырынан толықтырған.
Амина үшін «Эразмус+» халықаралық бағдарламасы арқылы оқу, тұру және сақтандыру шығындарының өтелуі – кәсіби өсу мен жеке дамуға жасалған үлкен қадам. «Мен үшін оқу әрдайым бірінші орында. Жеке дамуға, жаңа білім мен тәжірибе жинақтауға үнемі құштармын. Бельгия – бұл жаңа ел, жаңа мәдениет, жаңа көзқарас және бұл тәжірибе менің санамды кеңейтті».
Осындай бай тәжірибені бойына сіңірген Амина Лаубаева шетелде алған білімін ел игілігіне жаратуға ниетті.
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
Call center
+7-7242-558877
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...