Білім алушылар челлендж бастады
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 17 қазан 2023
  • 1256

Білім алушылар челлендж бастады

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған челлендж бастады.

Қазақтың қыз-келіншектері шашқа сән беріп, оюланған шашбау, күмістелген шолпы таққан.

Білім алушылар барша қазақ аруларын шашбау мен шолпы тағуға шақырды.

Айта кету керек, ұзын шаш қазақ түсінігінде өте киелі саналған. Сондықтан халқымыз қыз баланың бұрымды болуына, жинақы жүруіне мән берген. Ұлттық әшекей саналатын шашбау мен шолпыны тағудың өзіндік ерекше мақсаты да болған.

980.png

Қоңыраулы шолпы таққан қыздар қатты күлсе, оқыс қозғалса, шолпы сыңғырлайтын болған. Осылайша, бұл әшекей қыздардың көркем мінезді, сыпайы болуына әрі ауыр шолпы арқаны түзу ұстап, сәнді жүруге әсер еткен.

Шашбау мен шолпыны шаш ұзын болып өсуі әрі өте жинақы тұруы үшін таққан.

Шашбау сыңғырынан үйге бойжеткеннің келе жатқаны белгілі болған. Сондықтан үлкендер жинақталып, қыз баланың көзінше қатты сөйлемеген, тек өнегелі тәрбиенің үлгісін көрсеткен.  

Ұлттық мәдениетімізді жаңғыртуға бағытталған челленджге аз уақытта өзге де ЖОО-лар қолдау білдірді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...