Қызылорда облысында «Мамандығым-болашағым» жобасы іске қосылды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 02 қазан 2023
  • 1228

Қызылорда облысында «Мамандығым-болашағым» жобасы іске қосылды

Бүгін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Мамандығым – болашағым» өңірлік жобалық кеңсесінің ашылу салтанаты өтті.

«Мамандығым – болашағым» жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен қабылданған «Халық табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында жүзеге асырылуда. Оның негізгі мақсаты – аймақтағы еңбек нарығындағы өзгерістерді болжау және студенттерге ерте кәсіптік бағдар беру.

WhatsApp Image 2023-10-02 at 17.05.58.jpeg

Кеңсенің тұсау кесерін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жасады. Министр кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін кадр қажеттілігіне неғұрлым нақты бағдарлау үшін жұмыс берушілермен диалогта болып, кадрларға қажеттілікті алдын ала болжау маңыздылығын атап айтты. Сонымен қатар, жастарды ғылымға баулу, жоғары білімді интернационалдандыру және цифрлық экожүйені қалыптастыру қажеттілігінің маңыздылығына да тоқталды.

– Қазіргі таңда ең үлкен мәселенің бірі – еңбек нарығы мен жоғары кәсіптік білім беру жүйесінің ұштасуы болып тұр. «Жоғары білімді адамдар неліктен жұмыссыз, білім беру мазмұны жұмыс берушілердің көңілінен неге шықпайды» деген сұрақ бар. Бұл мәселе бойынша бірнеше жыл қатарынан ауқымды жұмыстар атқарылды. 2018-2019 жылдары елімізде «Жаңа мамандықтар атласы» атты жоба басталып, 2021 жылы жүзеге асырылды. Нәтижесінде, тек салалық  атластар емес, өңірлік атластар жасалуы керек екені белгілі болды. Әр өңірдің өз ерекшелігі бар. Сондықтан 2021 жылы алдымен Павлодарда мамандықтардың өңірлік картасы жасалды. Нәтиже өте жақсы, өңірге қажет ең негізгі 40-қа жуық мамандық анықталды. Мұнан кейін Маңғыстауда өңірлік атлас жасалып, өңірлік экономиканың талабына сай 39 жаңа мамандық айқындалды. Қазір бұл жұмыстар басқа қалаларда да жалғасуда. Бұл жұмыстар бойынша жобалық офистар – өңірлік жоғары оқу орындары, – деді министр Саясат Нұрбек.

WhatsApp Image 2023-10-02 at 17.06.02 (1).jpeg

Іс-шараға «Мамандығым – болашағым» бағдарламасы жобалар тобының жетекшісі Самғат Ермекбаев, Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердаулетов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Кәрімова, Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының жобалық кеңсесінің өкілдері және университеттің оқытушы-профессорлық құрамы қатысты.

Университет ректоры Бейбіткүл Кәрімова жобаның маңыздылығына тоқталып, 2022 жылы Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбектың қатысуымен  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті және облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Мамандығым – болашағым» тақырыбында І облыстық форум өткенін атап өтті.

- Университет мамандары осы жылдың ақпан айында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен өткен тәжірибелік воркшопқа қатысып, жаңа мамандықтар бойынша бес өзекті бағыттарды анықтаған болатын. Ақылдаса келе, Қызылорда облысының әкімдігі жаңа кәсіптердің өңірлік атласын қалыптастыру үшін ауыл шаруашылығы, құрылыс және өнеркәсіп салаларын ұсынды.

Сонымен қатар университет профессор-оқытушылары мен қызметкерлері құрамынан модератор және сарапшы-зерттеушілердің арнайы тобы құрылды, – деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.

WhatsApp Image 2023-10-02 at 17.06.02.jpeg

«Мамандығым – болашағым» жобасы шеңберінде университет қызметкерлері 5 күн бойы интенсивті режимде форсайттық зерттеу әдістемесі бойынша сертификаттау курсынан өтеді. Тренинг нәтижелері бойынша университет қызметкерлері аймақтық жобалық кеңсе командасына қосылып, Қызылорда облысының кадр қажеттілігінің өңірлік картасын жасауға бағытталған аймақтағы негізгі сала мамандарының қатысуымен форсайттық зерттеу жүргізеді.

Қазіргі таңда «Мамандығым – болашағым» жобасы еліміздің 10 өңірінде жүзеге асырылуда. Павлодар және Маңғыстау облыстары өңірлік кадрларға қажеттілік картасын әзірлеуді аяқтап, осы өңірлердің басым секторларының қатарынан келешегі бар кәсіптерді анықтады. Сондай-ақ оқушылардың кәсіби диагностикасы жүргізілді, оның нәтижелері бойынша оқушылар өздерінің бейіні мен кәсіби қызметте жүзеге асыру мүмкіндіктерін анықтады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...