- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- Киберқауіпсіздік офицері
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг және мансап басқармасы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму стратегиясы
- Корпоративтік басқару
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
Профессор Жақсыбек Егізбаев атындағы дәрісхана ашылды
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қазақстанның құрметті спорт қайраткері, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Жақсыбек Егізбаев атындағы дәрісхана ашылды.
Салтанатты шарада Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай ғалымның ғылым мен білім саласына қосқан еңбегіне тоқталды.
- Бүгін біз қоғам үшін игілігі мол, тағылымды шараның куәсі болудамыз. Оқу орны әрдайым білім мен ғылымның дамуына үлес қосқан ғалымдардың есімін ұлықтап, ұрпақ санасында жаңғыртуды дәстүрге айналдырған.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ұзақ жылдар қызмет еткен ғалымдардың ұрпақтары, сонымен қатар өздері де білім саласының дамуына үлес қосуда. Олар дәрісхананың жаңғыртылуына, материалдық-техникалық базаның нығаюына атсалысуда. Кейінгі 4 жыл ішінде университетте 15-ші дәрісхананы демеушілер есебінен ашудамыз.
Ғалым – 150-ден астам ғылыми мақаланың, 10-нан астам оқу-әдістемелік құралдың және өнеге-өсиетке толы танымдық кітаптардың авторы. Ол саналы ғұмырын білім мен ғылым саласын дамытуға, жас ұрпақтың кәсіби маман, тегеурінді тұлға болып қалыптасуына арнады, – деді Жандос Нұртайұлы.
Салтанатты шарада оқу орнының стратегиялық дамуына қосқан үлесі үшін профессордың қызы Балғын Егізбаева «Қорқыт Ата атындағы Алтын медальмен» марапатталды.
Жиынға зиялы қауым өкілдері, ғалымның туған-туыстары, профессор-оқытушылар мен білім алушылар қатысты. Сондай-ақ, «Қайсар» футбол клубының директоры, ҚР құрметті спорт қайраткері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Садық Мұстафа, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінің директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Бахытхан Әбдікәрімов, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, шәкірті Жандос Есіркепов ғалымның еңбек жолы мен тұлғалық болмысы, өнегелі істері туралы сөз қозғады.
Айта кету керек, Жақсыбек Егізбайұлы 1970-1980 жылдары Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданындағы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметін атқарды.
1980-1990 жылдары Қызылорда облыстық білім бөлімінің мектеп инспекторы, А.С.Макаренко атындағы балалар үйінің директоры, облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының кабинет меңгерушісі, облыстық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарды.
1990 жылдан бастап Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі, Жаратылыстану факультетінің тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасары болып еңбек етті.
1999-2003 жылдары екінші шақырылған Қызылорда қалалық мәслихат депутаты болып сайланды. Депутат ретінде де қаланың қоғамдық-әлеуметтік, саяси өміріне белсене араласып, дене тәрбиесі мен спортты насихаттап, қалалық, облыстық мәслихат сессиясының күн тәртібіне қойып, мәселе көтеріп, бұқаралық спорттың өркен жаюына қомақты үлес қосты. Әлі де сол бағытты ұстанып, қала мәдениеті мен келбетіне, тазалығына өз ұсыныстарын білдіріп келеді.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
Call center
+7-7242-558877
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...