- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- Киберқауіпсіздік офицері
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг және мансап басқармасы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму стратегиясы
- Корпоративтік басқару
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті жаңа оқу жылына қадам басты
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 30 тамыз – ҚР Конституциясы күні және 1 қыркүйек – Білім күніне орай салтанатты жиын өтті.
Мерекелік шарада университеттің Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Кәрімова Ата заң ел тәуелсіздігін айқындайтын, азаматтар құқығының қорғалып, халқымыздың тату-тәтті ғұмыр кешуіне ықпал ететін басты құжат екенін айтты. Сонымен қатар, оқытушы-профессорлар мен білім алушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
–Еліміздің қарыштап дамуы үшін жоғары білім жүйесі мен ғылым саласында тың идеялар мен жаңа бастамалардың болуы өте өзекті. Әлем елдері бүгінде инновациялық жаңалықтар, технологиялар арқылы ерекшеленуде. 85 жылдан астам тарихы бар Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті жыл өткен сайын жаңа белестерді бағындыруда, – деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.
Жаңа оқу жылында университеттің бірқатар қызметкерлеріне ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің марапаттары, «Қорқыт Ата атындағы Алтын медаль», «Үздік оқытушы» медалі табысталды. Сондай-ақ, университетте білім алып, қазіргі таңда өз саласының кәсіби шебері атанып, ел дамуына үлес қосып жүрген түлектерге «Үздік түлек» медалі табысталды.
Жиынға зиялы қауым өкілдері, университет ардагерлері, оқытушы-профессорлар және білім алушылар қатысты.
Салтанатты шарада Тұрмағамбет атындағы халық аспаптары оркестрі, «Дидар» халықтық би ансамблі және білім алушылар өнер көрсетті.
Айта кетейік, биыл университетте бакалавриат бойынша мемлекеттік білім беру грантын 1248 талапкер иеленді.
Білім ордасында осы жылы 10 мыңнан астам студент білім алмақ.
Университетте 500-ден астам профессор-оқытушылар құрамы қызмет атқарса, соның ішінде 22 ғылым докторы мен профессор, 38 Phd докторы, доцент, 174 ғылым кандидаты, 220-дан астам магистр сапалы білім беруде.
Кадрларды даярлау 5 институт пен 25 кафедра базасында 114 білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады (66 бакалавриат, 35 магистратура, 13 докторантура). Әскери кафедрада Қазақстан қарулы күштері үшін запастағы офицерлерді даярлау 5 әскери мамандық бойынша жүргізіледі.
Әрбір жоғары оқу орны қызметінің басты көрсеткіші – даярлаған кадрлары десек, университет құрылғалы бері қоғам мүддесі үшін 100 мыңға жуық кәсіби маман даярланған.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
Call center
+7-7242-558877
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...