«Абырой» жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің түлектері сертификат иеленді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 24 шілде 2023
  • 1142

«Абырой» жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің түлектері сертификат иеленді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде  «Абырой» жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің 24 түлегіне департаменттің машықтанудан өткендігі туралы сертификаттар табысталды. 
 
Жиынға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ерлеген Мендалиев, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару акдемиясы филиалының директоры Мұрат Айтимов, университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай қатысты.
 
«Абырой» жас мемлекеттік қызметшілер мектебі мемлекеттік қызметке орналасуға ниет білдірген жастарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруға бағытталған кешенді шараларды жетілдіру,  мемлекеттік  қызметке кадрларды дайындау сапасын көтеру мақсатында құрылған.
 
Университетте ашылған «Абырой» мемлекеттік қызмет мектебі жас көшбасшыларды оқыту, мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өткізу арқылы мемлекеттік қызметтің іс жүзіндегі дағдыларын үйренуге мүмкіндік береді. 
 
Осы орайда, департаментпен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті және ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум әзірленген.  Осы келісімнің нәтижесінде бүгінге дейін көптеген жұмыс атқарылды.
131.JPG
 

132.JPG

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...