2023-2025 жж. арналған гранттық жоба жеңімпаздары!
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 18 шілде 2023
  • 1414

2023-2025 жж. арналған гранттық жоба жеңімпаздары!

Біздің университетте ғылыми жетістіктер көрсеткіштері жылдан жылға ұлғайып  келеді! Оқытушыларымыздың біліктілігін арттыру бойынша жүйелі жұмыстың арқасында гранттық жобаларға өтінімдердің сапасыда артып келеді! 

Университетте ғылыми-зерттеу жұмыстары гранттық қаржыландыру, жергілікті атқарушы органдар мен кәсіпорындардың тапсырыстары, сондай-ақ халықаралық келісімдер аясында жүзеге асырылатынын атап өткім келеді. 2020-2022 жж. арналған ғылымның жалпы табысы 429 766 мың теңгені құрады: 2020 жыл – 108 225 мың теңге, 2021 жыл – 130 349 мың теңге, 2022 жыл – 191 192 мың теңге. 2023 жылы ғылымнан түскен кірісті 220 миллион теңгеге жеткізуді жоспарлап отырмыз.

Биыл Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің жалпы сомасы 465 168 981,589 теңгеге 9 гранттық жобасын іске асыру басталады.

Айта кетсек, қазірдің өзінде 3 жас ғалым 2023-2025 жж. арналған гранттық жобаның иегері атанды – Тәжекеев Ә.Ә., Әбікенов Ж.О., Әжібеков А.Қ. Бұл жобалардың сомасы: 98 094 129, 919 теңге.

Тағы да 6 ғалымымыз 2023-2025 жылдарға арналған гранттық жобаның жеңімпазы атанды. ҚР ҒЖБ ҒК гранттық қаржыландыруымен жалпы сомасы 367 074 851,67 теңгеге келесі басым бағыттар бойынша жобалар жеңімпаз атанды!

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕР:
-    «Жануарлар мен адамдардың әртүрлі ауруларының терапиясында потенциалды белсенді симметриялық және симметриясыз типтегі жаңа орынбасқан каркасты фосфонаттарды жасау». Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к., профессор-зерттеуші Аппазов Н.О. Қаржыландыру көлемі: 90 051 560,00 тенге.


ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕР:
- «М.Шоқайдың мемлекеттілік мұраттары: тарих сабақтары, идеялық сабақтастық». Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доц. Тайман С.Т. Қаржыландыру көлемі: 53 153 772,85 теңге.
- «Шетелдердегі қазақ топонимикалық аңыздары (Ресей, Қытай, Моңғолия): типология, генетика және поэтикалық ерекшеліктер». Ғылыми жетекшісі: филол.ғ.к., проф. Туяқбаев Ғ.Ә. Қаржыландыру көлемі: 68 499 037,36 теңге.
- «Сыр сүлейлері шығармаларындағы шығыстық дәстүр». Ғылыми жетекшісі: пед.ғ.к., қауым. проф. Камишева Г.А. Қаржыладыру көлемі: 44 032 531,46 теңге.
- «Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі этникалық азшылықтардың ұлттық бірегейлену үдерістерін кросс-мәдени және аксиологиялық талдау». Ғылыми жетекшісі: PhD Абикенов Ж.О. Қаржыландыру көлемі:  47 745 920 теңге.

ӨМІР ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ:
-«Жылыжайда көкөніс дақылдарының өнімділігін арттыру үшін интерплантингтің инновациялық технологиясын енгізудің ғылыми негіздері». Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., доцент Саутбаева Г.З. Қаржыландыру көлемі: 63 592 030 теңге.

Жетекшілерді және олардың командасын құттықтаймыз! Жемісті еңбек және жақсы нәтижелер тілейміз!

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...