- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- Киберқауіпсіздік офицері
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг және мансап басқармасы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму стратегиясы
- Корпоративтік басқару
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
Әлеуметтік ғылымдар академигі Мұстафа Матаевтың 90 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде философия ғылымдарының кандидаты, профессор Мұстафа Матаевтың 90 жылдығына арналған «Трансформация кезеңіндегі қазақстандық қоғамның дамуының гуманитарлық аспектілері» атты халықаралық (офлайн-онлайн форматта) ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Жиында білім беру жүйесін дамыту, аймақтық жастар саясаты, қазақ философиясы, қазақ зиялыларының ұлттық сана-сезімді қалыптастырудағы рөлі туралы баяндамалар жасалды.
Конференцияда Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы, тарих ғылымдарының кандидаты Наурызбай Байқадамов ғалымның білім мен ғылым жүйесін дамытуға қосқан үлесіне тоқталды.
Ал, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы–ректоры, филология ғылымдарының кандидаты Бейбіткүл Кәрімова ғалымның өмір және еңбек жолы бүгінгі жастарға нағыз үлгі-өнеге екенін атап айтты.
– Мұстафа Матайұлы тәуелсіздіктің алғашқы жылдары мемлекетіміздің басты бағыты құқықтық мемлекет орнату екенін, осының аясында өңірге жоғары білімді заңгер кадрлар көптеп керек екенін, ондай кадрлардың жоғары оқу орны базасында даярлануы қажеттігін құзырлы органдар алдында дәлелдеп берді. Көп ұзамай университетте аталған мамандық бойынша кадр даярлау жұмысы қолға алынып, 1992 жылы ашылған тұңғыш “Құқықтану” кафедрасын басқару талантты ғалым, білікті ұстаз Мұстафа Матайұлына сеніп тапсырылғаны заңды еді.
Мұстафа Матайұлы заң мамандарын оқытатын, білікті ұстаздарды да еліміздің әр түкпірінен жинады, сонымен бірге заң мамандарына қажетті оқу-әдістемелік базаны қалыптастырды, – деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.
Мұстафа Матаев 1969-1980 жылдары Н.В.Гоголь атындағы Педагогика институтының (қазіргі Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті) марксистік-лениндік философия кафедрасының меңгерушісі, Жоғарғы Аттестациялық Комиссиясының 1971 жылғы 1-ші желтоқсандағы шешімі бойынша марксистік-лениндік философия кафедрасының доценті атағы берілді.
1980-1992 жылдары филология факультетінің деканы, 1992-2002 жылдары «Құқықтану», кейіннен «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы» кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2002 жылдан өмірінің соңына дейін осы кафедраның кұрметті меңгерушісі, кафедра профессоры болып еңбек етті.
Білім беру, ғылыми және қоғамдық қызметінде көптеген медальға, белгілерге алғыстар мен атақтарға ие болған.
Ғылыми зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстарының нәтижесінде 55 ғылыми еңбектің авторы атанды.
Ғалымның ұсынысымен білікті жастар Мәскеуге, Санкт-Петербургке, Алматыға, Астанаға заң мамандығы бойынша аспирантураға, тәжірибе алмасуға жіберілген. Осының нәтижесінде университеттегі заң ғылымдары кандидаттарының саны оннан асты.
Бүгінде университетте заңгер кадрлар даярлайтын арнайы кафедра, білімді, тәжірибелі заңгерлер мен ғалымдар еңбек етіп, ұстазының ұстанымын әрі қарай жалғастыруда.
Мұстафа Матайұлы кезінде негізін қалаған Криминалистика лабораториясы ауқымды жобаларды қолға алуда. Студенттердің «Заң клиникасы» тұрғындарға сапалы құқықтық қызмет көрсетумен жүйелі айналысса, «Жас заңгер» үйірмесі де нақты зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Жиынға отандық және шетелдік ғалымдар, Мұстафа Матайұлының жары Торғын Аймұратова, ұл-қыздары, бауырлары, шәкірттері, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары, профессор-оқытушылар құрамы, білім алушылары, БАҚ өкілдері онлайн және офлайн форматта қатысты.
Конференцияға қатысушылар университеттің №1 ғимаратында орналасқан М.Матаев атындағы дәрісханамен танысты. Ғалымның ұрпақтары М.Матаевтың жеке қорындағы кітаптарды университеттің ғылыми кітапханасына табыстады.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
Call center
+7-7242-558877
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...