Өскенбай Көзбековтің 60 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 26 мамыр 2023
  • 1141

Өскенбай Көзбековтің 60 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Өскенбай Көзбековтің 60 жылдығына арналған «Қазақ филологиясының өзекті мәселелері: зерттелуі, оқытылуы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияны Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Аман Абасилов жүргізді.

Конференцияда Өскенбай Көзбековтің ғылым мен білім саласын дамыту жолындағы еңбегі туралы кеңінен айтылды.

«Әдебиеттанушы ғалым, оралхантанушы Өскенбай Көзбеков – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде қызмет атқарды. Университеттегі  Өскенбай Көзбеков атындағы қолжазбаларын әкеліп,  табыстадық. Алдағы уақытта бұл қолжазбалар студенттердің зерттеу жұмыстарын жүргізуі үшін құнды материал болары сөзсіз», - деді ғалым Бижомарт Қапалбеков.

P2288088.JPG

P2288218.JPG

Ал, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының доценті Алдажар Әбілов ғалымның Оралхантануға не қосқанына тоқталды.

«Зерттеуші Өскенбай Көзбеков жазушы Оралхан Бөкей шығармаларындағы реалистік сипатты анықтау барысында автордың өз сөзіне жүгіне отырып, талдау жасайды. Нәтижесінде жазушы шығармаларының кейіпкерлері бір-біріне ұқсамайтын, ішкі әлемі ерекше тұңғиық сырларға толы екендігін көрсете білді. Мәселен, «Қар қызындағы» тракторшының бейнесін ашуда реалистік жағдайлар анық берілген. Жазушы мұнда тракторшы жігіттердің еңбек жолын сипаттай отырып, шығарманың идеялық-философиялық терең ойына назар аудартады, яғни бір жұмбақ бейнені талмай іздеуі ерекше суреттелген. Бұл повестегі жас жігіттердің савхозға шөп жеткізу мақсатымен шаруашылық сапарға шығуы, жол қиындығы реалистік тұрғыдан суреттеліп берілсе де, Нұржанның сол сапарға шыққандағы негізгі мақсаты – шөп жеткізу емес, «Қар қызын» көру екендігін байқатады. Ал шығармадағы романтикалық сипат шығармадағы Нұржанның «Қар қызымен» кездесетін тұстарында анық көрінеді», - деді филология ғылымдарының кандидаты Алдажар Әбілов.

P2288071.JPG

P2288253.JPG

Жиынға әр өңірден жиналған достары естеліктермен бөлісті.  Атап айтсақ, филология ғылымдарының кандидаты, мемлекеттік тілді дамыту институтының директоры Бижомарт «Әдебиеттанушы ғалым Ө.Көзбековтің ғылыми әдістемелік мұрасын жинау, зерттеу және жарыққа шығару мәселелері», ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, Л.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің профессоры Шерубай Құрманбайұлы «Ә.Бөкейхан аудармаларындағы этномәдени лексика» тақырыбында, Сәтбаевтанушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті тарихи мұражайының бас маманы Аспандияр Әденұлы «Ауқымды жырдағы астарлы сыр»,  филология ғылымдарының кандидаты, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің проректоры Асқар Тұрғанбаев «Эбру» ма? «ему» ме?» тақырыбында, филология ғылымдарының кандидаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Аман Абасилов «Әліпби ауыстырудың қажеттілігі және тілдік реформа» бағыттары бойынша баяндамалар жасады.

Шараға мәдениет және спорт басқармасының басшысы Мира Қазбекова, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының профессоры Бағдат Кәрбозұлы, университеттегі ғылым департаментінің міндетін атқарушы Нұржан Еділбаев қатысты. Жиынға отандық ғалымдар, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар, ғалымның отбасы, достары және шәкірттері қатысты. Сонымен қатар, ZOOM платформасы арқылы да баяндамалар оқылып, тікелей эфирде ел назарына ұсынылды.

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...