Отбасы - ұлт тірегі
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 12 мамыр 2023
  • 1246

Отбасы - ұлт тірегі

Халықаралық отбасы күніне орай Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен облыстық Жастар ресурстық орталығының бірлесе ұйымдастыруымен «Отбасы – ұлт тірегі» атты облыстық жас отбасылар форумы өтті.

Форумға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Жандос Базартай қатысып, отбасы құндылығы, адам өміріндегі жанұяның маңыздылығы туралы атап айтты.

IMGL1849.JPG

IMGL1860.JPG

IMGL1875.JPG

Жиында жас отбасыларға жан-жақты қолдау білдіру, отбасы институтын қайта жаңғырту мәселелері кеңінен қозғалды.

Жастар ресурстық орталығының директоры Талғат Тілесов өңірдегі жастар мәселелері мен отбасындағы тәрбиенің маңызыдлығына тоқталды.

Форумға арнайы қатысқан «Сенімен Болашақ» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының басшысы Шәкизат Қаратайұлы ата-аналар мен балалардың психологиялық-педагогикалық білімдері мен дағдыларын арттыруға соңғы екі жылда ерекше үлес қосып, өскелең ұрпақтың мәселелерін шеше алатын алаңға айналып үлгерген қоғамдық бірлістіктің жұмысымен таныстырды.

Сонымен қатар, жастар орталығының психологы Гұлжайна Ғабитқызы ерте жастан ана атану, ажырасу, отбасындағы кикілжің секілді отбасылық өмірдің түйткілді мәселелерін сөз етіп, жастарға психологиялық кеңестер берді.

Шара барысында А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханасы «Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, шара қонақтарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...