- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- Киберқауіпсіздік офицері
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг және мансап басқармасы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму стратегиясы
- Корпоративтік басқару
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
Америкалық ғалымдар Қызылорданың экологиялық жағдайына зерттеу жасады
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде шетелдік ғалымдар қазақстандық жас ғалымдарға дәріс өткізіп, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Воркшоп (workshop) АҚШ елшілігі қаржыландырған «Қазақстан аумағындағы жоғарғы оқу орындарында экология және қоршаған орта ғылымдар саласында негізгі оқу бағдарламаларын дамыту» жобасының аясында жүзеге асты.
Жоба барысында отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының ғалымдары Мичиган мемлекеттік университетінің (АҚШ) профессоры Джихуан Чен бастаған он күндік воркшопқа, сонымен қатар Қызылорда облысының аумағындағы далалық жұмыстарға қатысты.
Тәжірибе алмасу барысында ғалымдар көптеген жаңа мәліметпен танысып, білімін жетілдірді. Далалық жұмыстар барысында әр 25 метр сайын өсімдіктің түрлеріне зерттеу жасалып, сол аумақтағы өсімдіктердің азайып немесе көбейіп бара жатқаны анықталды. Бұрын көбіне 5-10 жылдағы өзгерістерге талдау жасалса, шетелдік оқытушылар 100 жылдағы өзгерістерді кестеге енгізеді екен. Бұл алдағы жүзжылдыққа болжам жасауға септігін тигізеді.
Жас ғалымдарға 10 күн бойы Мичиган мемлекеттік университеті, Джорд Вашингтон, Оңтүстік Дакота, Майн және Нью-Йорк қаласындағы Пэйс университетінің профессорлары, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті тұрақты егіншілік орталығының мамандары офлайн және онлайн форматта дәріс оқыды.
- Бұл – америкалық кеңестердің қолдауымен аймақтық университеттерге арналған жоба. Қазіргі уақытта НАСА-мен бірлесіп ғылыми жоба дайындап, Арал теңізі тартылуының әлемдік климатқа әсерін зерттеудемін. Сондай-ақ, семинар барысында қазақстандық және америкалық білім беру бағдарламаларын салыстырып талдау жасадық, – деді профессор Джихуан Чен.
Айта кету керек, жас зерттеушілердің НАСА ғарыштық агенттігінің Қазақстандағы және Орталық Азиядағы қазіргі әрі келешектегі жобаларына қатысуға мүмкіндіктері бар.
- Воркшоп барысында мазмұнды ақпаратпен, жаңа құрылғылармен таныстық. Ғаламдық өзгерістер мен жерді бақылау орталығының профессоры Фен Пейлей далалық жұмыстар барысында Қызылорда климатына тән өсімдіктерді зерттеу тәсілдерін көрсетіп, оларды сақтап қалу жолдарын түсіндірді. Сондай-ақ, өсімдіктің құрамы, сапасы туралы зерттеу жүргізіп, жаңа құрылғылар арқылы ауаның ылғалдылығы, судың мөлшерін анықтадық. Ал, профессор Джихуан Чен өзінің «Биофизикалық модельдер және оларды экожүйелік талдауда қолдану» атты оқу құралын қатысушыларға тегін таратты. Бұл еңбектің осы сала мамандарына берері мол, – деді Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушысы Әзімбай Абылайхан.
Ал, М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті «Экология» кафедрасының меңгерушісі, PhD Эльмира Мадалиева шетелдік оқытушылар білім берудің жаңа тәсілдерін үйреткенін жеткізді.
- Шетелдік профессорлар студенттерге жаңа білімді меңгерту үшін теориядан гөрі практикаға басымдық беретінін байқадық. Жаңа ресурстармен таныстық. Енді шетелдік оқу орындарында жүргізілетін лабораториялық жұмыстарды біз де оқу процесінде қолданатын боламыз, – деді Эльмира Мадалиева.
Айта кету керек, жобаның мақсаты – қазақстандық жоғары оқу орындарында экология және қоршаған орта саласындағы білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдіру. Сондай-ақ, педагогикалық шеберлікті арттыру, экология және қоршаған орта саласындағы сараптамалық білімді дамыту. Жоба 38 000 АҚШ доллары көлемінде қаржыландырылды.
Жобаға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетімен қатар Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қ.А.Яссауи атындағы қазақ-түрік университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының жас ғалымдары қатысты.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
Call center
+7-7242-558877
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...