Хабарландыру
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 21 ақпан 2024
  • 1060

Хабарландыру

Университеттің халықаралық байланыстар бөлімі серіктес университетте-Кангвон ұлттық университетінде магистратурада немесе докторантурада оқу үшін Корея Республикасы Үкіметінің стипендиялық бағдарламасы конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдауды жариялайды. Global Korean Scholarship (GKS) халықаралық білім беру Ұлттық институтының (NIIED) қолдауымен Кореяда толық стипендия бағдарламасын ұсынады. 

Стипендиялық бағдарлама бойынша корей тілін оқу (1 жыл), магистратурада оқу (2 жыл) немесе докторантурада оқу (3 жыл) мерзімінде болады.
Стипендиялық бағдарлама бір реттік бару-келу жол жүру шығындарын, ай сайынғы жәрдемақыны шамамен 980 АҚШ долларын (стипендия, жатақхана және сақтандыруды қоса) қамтиды.

Үміткерлер келесі құжаттарды ағылшын тілінде ұсынады:
1. Сауалнама (анкета);
2.Қазақстан Республикасы азаматы паспортының түрлі-түсті көшірмесі;
3. Апостильденген білім туралы құжаттар (бакалавр дипломы және транскрипт, магистр дипломы және транскрип);
4. B2_CEFR деңгейіне сәйкес келетін IELTS / TOEFL сертификаты;
5. Мотивациялық хат;
6. Ұсыныс хат

Кангвон ұлттық университетіне құжаттарды қабылдау 3 кезеңнен тұрады. GKS стипендиялық бағдарламасы туралы толығырақ ақпарат вебсайтта: https://gksscholarship.com/.  
Консультация алу үшін халықаралық байланыстар бөліміне хабарласуға болады.  Мекенжай: Әйтеке Би көшесі, 29-А, бас оқу ғимараты, 224 кабинет, тел.: 26-29-57.

Қорқыт Ата ҚУ халықаралық байланыстар бөлімі

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...