Балалар әдебиетінің көрнекті өкілі
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 01 ақпан 2024
  • 1327

Балалар әдебиетінің көрнекті өкілі

Сыр өңірінде балалар тақырыбында қалам тербейтін санаулы жазушы бар. Соның бірі білікті педагог, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, педагогика ғылымдарының кандитаты - Рахат Наурызбаева. 

Бала тәрбиесі саласында 56 жыл еңбегі бар ұстаз биыл 80 жасқа толды. Мерейлі мереке қарсаңында «Педагогика және дәстүрлі өнер» институтының кеңесі өткізілді. Шараға Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнұр Бөрібаева қатысып, мерейтой иесіне университет ректорының құттықтауын табыстады.

P2611196.JPG

P2611202.JPG

Басқосуға Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана директоры Н.Мыңжасов, «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының облыстағы филиал басшысы Б.Елеусінов, педагогтар мен оқытушылар, ұстаздың шәкірттері және студенттер қатысты.

Рахат Наурызбайқызының өміржолы мен ұлт болашағын тәрбиелеудегі еңбегі туралы «Педагогика, психология және бастауыш оқыту әдістемесі» білім беру бағдарламасының жетекшісі  Бақытжамал  Бекжанова баяндама жасады.  

P2611184.JPG

P2611183.JPG

- Қазалы стансасында 1944 жылы дүниеге келген ұстаз, мектеп бітіріп М.Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесін, Абай атындағы Мемлекеттік педагогикалық институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша білім алды. Өнегелі еңбек жолын жергілікті  мектептерде  мұғалім болудан бастап, Сыр бойындағы іргелі білім ордаларында ұзақ жыл оқытушылық қызметті   абыроймен атқарды. Балалар поэзиясына қарымды қалам тартып, «Бастау», «Аққозы», «Сергек Серік» секілді жыр жинақтары жарық көрсе,  «Ақ батамен өс, балам!», «Мектептегі сахна сабақтары», «Бастауыш мектепте халықтық тәлім-тәрбие берудің шығармашылық жолдары», «Ғажайып әлем» кітаптары арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне  өлшеусіз үлес қосты деуге толық негіз бар. Балалар тақырыбына жазған тәтті өлеңдері мен есті ертегілер мектеп оқулықтарының мазмұнына кірді. Тәуелсіздік алған тұста туған тіліміздің мәртебесін көтеріп, Қызылорда облыстық радиоторабынан «Кел, қазақша үйренейік!» бағдарламасын даярлап, кеңес кезеңінен кейінгі уақытта халқымыздың ұлттық құндылықтарын дәріптеді. «Тәрбие туралы толғаулар» хабарларымен журналистік қырынан танылды. Келешек ұрпаққа ұлағатты өнеге беріп, білім нәрін себуде ұстаздың еңбегі ұшан теңіз, – деді Бақытжамал Бекжанова өз сөзінде.

Сонымен қатар, кеңеске арнайы келген қонақтар білікті педагогке құттықтау хаттарын табыстап, гүл шоқтарын ұсынды. Болашақ мамандық иелері мерейтой иесінің шығармашылығына үзінділер оқып, әннен шашу шашты.

Айта кетейік автордың 4 монографиясы, 5 жыр жинағы, 10 оқу-әдіскерлік құралы мен Қазақстан және Ресейдің Жоғарғы аттестациялық комиссиясы бекіткен журналда жарияланған 40 мақаласы бар. Соғыстың зардапты жылдарында  қарапайым отбасында  дүниеге келген педагог-жазушы ұстаздық қызметінде көптеген жетістікке жетті. ҚР  Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, Ресейдің Халықаралық Бейбітшілік және келісім қорының «За заслуги в образовании», «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің «Білім көшбасшысы», «Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының» «Әл-Фараби» медалімен, «Қазалы қаласы атауына 150 жыл», «Мәдениет майталманы», Ғани Мұратбаев атындағы  медалдің иегері. Рахат Наурызбаева бүгінде сыр елінің ақ жаулықты анасы, сүйікті ақыны, ғибратты ғалымы. Өмірлік жарымен құрған шаңырақ шуақты болып, ұлықты ұл, қылықты қыз  тәрбиелеп өсірді.

Диляра Қалдыбек, журналистика мамандығының студенті
 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...