- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- Киберқауіпсіздік офицері
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг және мансап басқармасы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму стратегиясы
- Корпоративтік басқару
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
«Жаңа Қазақстандағы сот жүйесін жетілдіру»
Қызылорда облыстық сотының 85 жылдығына орай «Жаңа Қазақстандағы сот жүйесін жетілдіру» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Халықаралық конференцияны Қызылорда облыстық соты мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ұйымдастырды.
Конференцияда сот шешімдерінің сапасын көтеру, сот төрелігін әділ жүргізу мәселелері, осы саладағы өзгерістер ғылыми тұрғыда талданды.
Жиынға Қызылорда облыстық мәслихат төрағасы Наурызбай Байқадамов, Қызылорда облыстық сотының төрағасы Әділхади Шығамбаев, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректордың міндетін атқарушы Жандос Базартай және зиялы қауым өкілдері, сот төрағалары, профессор-оқытушылар, білім алушылар қатысты.
Конференцияда Қызылорда облыстық мәслихат төрағасы, тарих ғылымдарының кандидаты Наурызбай Байқадамов бұл саланың маңыздылығын ерекше атап өтіп, соттың әрбір шешімінің артында адам тағдыры тұрғанын, сот төрелігін жүргізетін судьялардың мәртебесі арнайы заңмен айқындалғанын атап өтті.
Ауқымды шара барысында Қызылорда облыстық сотының төрағасы Әділхади Шығамбаев конференцияның мақсаты – сот төрелігін іске асыру бойынша өзара тәжірибе алмасу, заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылау, алдағы басымдықтарды анықтау екенін атап өтті.
Сондай-ақ, еліміздің сот жүйесінде бірқатар реформалар жүргізілгеніне, соның нәтижесінде сот жүйесінде дауларды жан-жақты және объективті қараудың озық тәжірибесі қалыптасқанына тоқталды.
Л.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Ермек Әбдірасұлов сот билігінің тәуелсіздігі сот жүйесі билік тармақтарынан тәуелсіз болуы керектігін, басқа мемлекеттік органдар, соның ішінде атқарушы және заң шығарушы органдар сот билігінің жұмысын шектемей, сот шешімдеріне араласпау керектігін айтты.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Несібелі Калкаева Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша процестік келісімді институцияландыру мәселелерін көтеріп, процестік келісімді институцияландырудың артықшылықтары – қатысушылар арасында туындайтын қатынастарға жүйелілік беру, құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтары мен міндеттері арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету, процестік келісімді қылмыстық процесс қағидаларына сәйкестендіру, процестік келісімге қатысты қарама-қайшылықтарды жою болып табылатынын атап көрсетті.
Ташкент мемлекеттік заң университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Лейла Бурханова Өзбекстан Республикасының азаматтық құқығы бойынша із-түссіз жоғалған жеке тұлғаларды, сот тәртібімен жоғалған деп тануды дәлелдеу процессін құқықтық реттеудің ерекшелігі тақырыбын қозғап, өзекті мәселелерге тоқталып өтті.
Сондай-ақ, конференция барысында Ресей халықтар достығы университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Людмила Букалерова, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, Құқықтану білім беру бағдарламаларының жетекшісі, заң ғылымдарының кандидаты Ерлан Алтаев баяндама жасады.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
Call center
+7-7242-558877
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...