Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімінің бас әдіскері лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 08 қараша 2023
  • 1194

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімінің бас әдіскері лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Конкурсқа қатысу үшін келесі  құжаттарды тапсыру қажет:

1) конкурсқа қатысу үшін өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

3) конкурсқа қатысушының 3х4 түрлі түсті сүреті бар қызметтік тізбесі;

4) білім туралы құжат көшірмесімен бірге, салыстыру үшін түпнұсқасы беріледі;

5) жұмыс орны бойынша (қазыргі немесе бұрыңғы) кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

7) № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 тіркелген);

8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралымәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Жоғарыда көрсетілген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат, сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімінің бас әдіскері білуі тиіс: технологияларды коммерциаландырудың негізгі бағыттарын; технологияларды коммерциаландыруға қатысты қаулылар, бұйрықтар, өкімдер мен басқа нормативтік, әдістемелік құжаттарды жүргізу және ұсыну тәртібін; Бөлім жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың бекітілген тәртібін және құжаттамаларға қойылатын талаптарды; талдау жүргізу, мониторингтеу және компьютерде пайдаланушы деңгейінде жұмыс істеу дағдыларын. Ішкі еңбек тәртібі, өндірістік санитария ережелерін, өрт қауіпсіздігі талаптарын.

Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімінің бас әдіскерінің біліктілік талаптары:  жоғары және(немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17.11.2023 ж. сағат 17:00-ге дейін. Байқаудың өтетін күні мен орны кейінірек хабарланады.

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:

120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, HR қызметі, 205 каб.; e-mail: otdelkadrov_kgu@mail.ru.

Қосымша ақпараттарды мына телефон арқылы алуға болады: адами ресурстарды басқару басқармасының басшысы 8(7242)27-86-28.

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...