Құрылыс сапасына қойылатын талаптармен таныстырды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 30 наурыз 2023
  • 1122

Құрылыс сапасына қойылатын талаптармен таныстырды

12-сәуір – Ғылым күніне орай Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ғалымдарының қатысуымен шаралар ұйымдастырылуда. И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде «Құрылыстағы сапаны қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелде техника ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Ақмарал Жапахова, техника ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Ақмарал Будикова ғылымдағы соңғы жаңалықтармен бөлісті.

Жиында «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының профессор-оқытушылары құрылыс жұмыстарының сапасын бақылауды қамтамасыз ету талаптарын атап өтті. Сондай-ақ, профессор, техника ғылымдарының докторы Қылышбай Бисенов, техника ғылымдарының докторы Сәкен Үдербаев, қауымдастырылған профессор м.а. Ғалым Қаршыға және техника ғылымдарының кандидаты Абзал Шегенбаевтың жергілікті шикізат пен өндіріс қалдықтары негізінде жаңа құрылыс материалдарын әзірлеу жөніндегі ғылыми жұмыстары таныстырылды.

Дөңгелек үстелде «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының профессорлық-оқытушылары студенттерге кәсіби бағдар берді.

Айта кету керек, шараға М07320100 – «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану», 07130100 – «Электр жабдықтары», 07130200 – «Электрмен қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша студенттер қатысты.

IMG-20230328-WA0002.jpg

IMG-20230328-WA0010.jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...