«Open talk» форматында түлектер кездесуі өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 13 ақпан 2023
  • 1805

«Open talk» форматында түлектер кездесуі өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде түлектер қауымдастығының кезекті жиыны өтті. Басқосуға әр жылдары білім алған түлектер, университет басшылығы мен профессор-оқытушылар жиналды. Қатысушылар 2023-2025 жылға арналған университеттің стратегиялық даму жоспарын талқылады.

Жиында Басқарма төрағасы-ректор Бейбіткүл Сәрсемханқызы оқу орнының материалдық-техникалық базасын нығайту мен дамытуға үлес қосып жүрген түлектерге алғыс білдірді. 

«Бүгінгі жиында әр салада жемісті еңбек етіп жүрген түлектеріміз жиналып отыр. Осы сәтті пайдалана отырып, 85 жылдық мерейтойда қолдау көрсеткен Асқар Махамбетов, Анар Ізден, Ділмұхамед Абизов, Мұхит Төребаев бастаған барлық түлектерімізге алғыс білдіремін. Сондай-ақ, сіздердің араларыңызда «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері Серік Жайырбаев, Ақбота Мамадияр бар. Біз әрдайым түлектеріміздің жетістіктерімен мақтанамыз. Сіздердің тәжірибелеріңіз бен кәсібилік қабілеттеріңіз бүгінгі жас толқынға үлгі»,-деді Б.Кәрімова.

WhatsApp Image 2023-02-13 at 17.48.48.jpeg

Жиынның модераторы әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай кездесудің мақсат-міндетіне тоқталды. Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнұр Бөрібаева өз сөзінде университетте атқарылған жұмыстарды таныстырып, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Кездесу барысында «Best-servis LTD» ЖШС бас директоры Асқар Махамбетов атқарылған жұмыстарға оң баға беріп, сұранысқа ие сапалы кадр даярлауда өз ұсынысын білдірді.

«Қазіргі таңда өңірімізде жұмысқа орналасу үлкен мәселе. Сондықтан кадр дайындағанда экспортқа шығатын студенттер санына назар аударуымыз керек. Сапалы кадр-сапалы білім. Бізде педагогтарды дайындауға үлкен мүмкіндік бар. Себебі, ізі бар, тәжірибелі мамандар бар. Сондықтан педагогика саласына басымдық беріп, осы бағытта көшбасшы атануымыз керек. Сонда ғана өңірде ғана емес, республикада, халықаралық деңгейде сұранысқа ие мамандар әзірлейміз»,-деді Асқар Аралбайұлы.

WhatsApp Image 2023-02-13 at 17.48.47.jpeg

Білім алушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану, олардың жайлы демалуы үшін университет ғимараттарында кинозал, кітап дүкендері, кофе бұрыштар, коворкинг аймақ, агробиологиялық аймақты абаттандыру, жасыл университет жобасы ұсынылды. «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының директоры Пірмұхамед Сыздықов облыстағы кәсіпкерлердің қатысуымен жиын өткізіп, талқылауды ұсынды. Сонымен қатар, «DALATEX» ЖШС-нің директоры Ділмұхамед Абизов, Назарбаев мектебінің мұғалімдері Серік Жайырбаев пен Ақбота Мамадияр, қоғам белсендісі Эрик Теңізбаев, «Qyzylorda» телеарнасының режиссері Нұржан Батыршаев және химия пәнінің мұғалімі Ақмарал Серікқызы креативті пікірлерін білдірді. Қатысушылар түлектер қауымдастығының төрайымы Гүлшат Дүзелбаеваға алғыстарын білдіріп, кездесу университет жастарының әсем әнімен қорытындыланды.

Айта кетейік, университеттің 85 жылдық мерейтойы аясында алғаш рет түлектер форумы ұйымдастырылып, «Біздің түлектер» атты электронды кітабы әзірленді. Алдағы уақытта әр бағыт бойынша түлектер кездесуін ұйымдастыру жоспарланды.

WhatsApp Image 2023-02-13 at 17.48.46.jpeg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...