«Scopus және Science Direct базаларымен жұмыс: жариялау және индекстеу процесі»
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 10 ақпан 2023
  • 1390

«Scopus және Science Direct базаларымен жұмыс: жариялау және индекстеу процесі»

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 6,7,8 ақпан  күндері Elsevier компаниясының «Scopus және Science Direct базаларымен жұмыс: жариялау және индекстеу процесі» атты үш күндік вебинары өтті. 

Вебинарға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттар қатысты. Ғалымдарға ғылыми мақалалар мен материалдарды жариялау мен оларды сапалы басылым дерекқорларында сәтті жариялаудың әдістері мен қажетті кеңестер берілді. Аталмыш вебинарды MD, MPH, PhD  кандидат – Орталық Азия және Әзірбайжан бойынша кеңесшісі Рабиға Хожамқұл жүргізді.

WhatsApp Image 2023-02-10 at 15.54.37.jpeg WhatsApp Image 2023-02-10 at 15.54.37 (1).jpeg

Вебинар бірнеше маңызды тақырыптар бойынша ұйымдастырылды. «Техникалық және жаратылыстану ғылымдары: Scopus және Science Direct көмегімен мақала жариялауға 3 қадам», «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар: Scopus және Science Direct көмегімен мақала жариялауға 3 қадам», «Scopus дерекқорында журналдың индекстелуі»  тақырыптары бойынша қатысушылар мол ақпарат алды. Шара онлайн форматта өткізіліп, қатысушылар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, жаттықтырушы тарапынан жауаптар берілді.

491.png

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...