Аружан НҰРЖАНҚЫЗЫ: Екі университеттің білім беру әдістемесін игерудемін
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 08 ақпан 2023
  • 1205

Аружан НҰРЖАНҚЫЗЫ: Екі университеттің білім беру әдістемесін игерудемін

Биыл Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша 2-ші академиялық кезеңде 235 студент еліміздің ЖОО-ларында оқуға мүмкіндік алды. Ал біздің университетке басқа ЖОО-лардан 148 студент келіп, білім алуда. Осы ретте бағдарлама арқылы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде білім алып жүрген Аружан Нұржанқызымен әңгімелестік.

WhatsApp Image 2023-02-08 at 17.45.23.jpeg

WhatsApp Image 2023-02-08 at 17.45.22.jpeg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде қандай мамандықта, нешінші курста білім аласыз?

Тамыры тереңге жайылған Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің гуманитарлық-педагогикалық институтының «Орыс тілі және әдебиеті» білім беру бағдарламасының 2-курс студентімін.

Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?

Жалпы, «тіл білген тілегіне жетеді» дейді ғой. Сол себепті оқушыларға өзге тілді үйрететін ұстаз болуды жөн көрдім. Неге орыс тілі? Маған Лермонтов, Тургеневтің шығармаларын оқыған мектеп шағымнан қатты ұнайды. Сол қызвғушылық болашақ мамандығым болады деп ойламаппын. Десе де, тіл үйренуге жаным құмар болған соң, өзгелерге де қол көмегімді берейін деп шештім. Әрине, әлемде ең көп адам қытай тілінде сөйлесе, көп мемлекеттерде ағылшын тілі алдыңғы орында. Орыс тілі де осы қатардан кенде емес. ТМД елдерінің біршамасы бұл тілді жақсы меңгерген. Елімізде де орыс тілі кең таралған. Сол себепті осы тілде ұстаз болғанымды дұрыс деп санадым. Шыны керек, орыс тілі – ақпарат майданында қажет тілдің бірі. Сонымен қатар, ағылшын, қытай, т.б. тілдерді үйрену үшін орыс тілінен бастаған да дұрыс. Себебі мұның грамматикасы басқа елдерге қарағанда қиынырақ. Мен өмірімді тіл үйреніп, әлемді тануға арнағым келеді. Осы жолда игерген білімімді болашақ ұрпаққа да үйретемін.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің білім берудегі ерекшелігі туралы айтып өтсең. Оқу орнын ауыстырған саған ұнады ма?

Мен оқу орнымды ауыстырған жоқпын. Тек тәжірибе алмасу мақсатында келдім. Себебі Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін ешқандай университетпен алмастырмас едім. Өйткені, өз қалауыммен таңдаған оқу орным. Қазіргі таңда қазақстандық университеттер жан-жақты даму үстінде. Барлық жоғары оқу орынының бір-біріне оқу ережесі ұқсас болуы мүмкін. Алайда әр университеттің ерекшелеп тұратын қыры бар. Сондықтан университет беріп отырған мүмкіндікті пайдаланып, «Академиялық ұтқырлықпен» баруды жөн көрдім. Маған мұндағы ұстаздар да, студенттер де ұнайды. Бұл жақтан алған тәжірибемді болашақта ұстаз болғанда ескеретін боламын. Студенттерге айтарым, бұл бағдарлама бойынша білім алыңыздар. Өйткені ұстаз болғанда бір емес, екі университеттің әдістемесін иегеріп шығуға мүмкіндік аласыздар. Әсіресе, ұлт баласын тәрбиелейтін болашақ ұстаздар үшін өте қажет. 85 жылдық тарихы бар Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті болғанымды мақтан етемін және академиялық ұтқырлық бойынша білімімді жалғастыруға  мүмкін берген университет ұжымына  алғысымды білдіремін.

0157.jpeg

 

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...