Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті патент иеленді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 31 қаңтар 2023
  • 1310

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті патент иеленді

Облыс әкімінің қолдауымен өткен «InnoFest» Qyzylorda инновациялық идеялар фестивалінің жеңімпазы София Темірболаттың  жобасы патент алды.
София «Контент&Медиа» секциясы бойынша «Cyber City хикаялары» комикс кітабын ұсынды.  Жоба Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қорының арнайы «Қауіпсіз интернет», «Кибербуллинг – ол не және оны қалай тоқтату қажет» кибербуллингке қарсы бағдарламасы мен зерттеулер аясында жасалған. Кітап арқылы балалар қауіпсіз киберкеңістікті оқып,  цифрлық иллюстрациялар мен комикстерді кәсіби оқуға мүмкіндік алады. Қазіргі таңда кітапты баспаға беруге дайындық жұмыстары жүргізілуде.⠀
Айта кетейік, «InnoFest» Qyzylorda фестиваль алаңында – «SmartСity», «Контент&Медиа», «Кино&Видео» бағыттары бойынша 24 сағат ішінде идеядан прототипке дейін инновациялық жобаларды жасалады. Қатысушылар «Ақылды қалалардың» эталондық стандартына сәйкес жобалар ұсынып, облыстың  IT-саласын дамытуға үлес қосады.

WhatsApp Image 2023-01-31 at 10.05.05.jpeg

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...