Оқушыларға тегін қаржылық сауаттылық курсы өтуде
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 20 қаңтар 2023
  • 1619

Оқушыларға тегін қаржылық сауаттылық курсы өтуде

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің кәсіпкерлік орталығының ұйымдастыруымен 5-8 сынып оқушыларына тегін қаржылық сауаттылық курсы жүргізілуде. «Enactus Korkyt» командасы бұл сабақтарды KMF&KMF-Демеу  Корпоративтік қорының «FINBOSS» қаржылық сауаттылық негіздері» аясында өтуде.

photo_5352579100193178306_y.jpg

- Курс барысында оқушылар мектеп кезінен қаржы әлемімен жақын танысып, ақша жинау әдістерін үйренетін болады. Жеке бюджет пен қауіпсіздік қағидасын жіті меңгереді. Сабақта «Ақша және адамдардың қаржылық мінез-құлқы», «Отбасының кірісі мен шығысы», «Жеке бюджет және отбасының бюджеті», «Жинақтау және қауіпсіздік жастығы», «Қаржылық тұзақтар», «Қаржылық мақсаттар» тақырыптары қамтылған, – деді Жанарыс Түбекбаев.

photo_5352579100193178298_y.jpg

Бүгінде «Enactus Korkyt» командасы 700-ге жуық оқушыға дәріс беруде. Алдағы уақытта тек қала көлемінде емес, аудандық мектептерді де қамту жоспарланбақ. Айта кетейік, қаржылық сауаттылыққа бағытталған курс ақпан айының ортасына дейін жалғасады.

photo_5352579100193178301_y.jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...