Ғылым және жоғары білім министрінің жастар ісі жөніндегі кеңесшісі қызылордалық студенттермен кездесті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 19 қаңтар 2023
  • 1127

Ғылым және жоғары білім министрінің жастар ісі жөніндегі кеңесшісі қызылордалық студенттермен кездесті

Ғылым және жоғары білім министрінің жастар ісі жөніндегі кеңесшісі – студенттік омбудсмен Айсұлу Ерниязова Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттерімен кездесті.

Жиында жаңа идеялар мен жастарға қатысты мәселелер талқыланды.

- Студенттер құқығының қорғалуы, сапалы білім алуы, жатақханамен қамтылуы, шығармашылықпен еркін айналысуы – біздің басты назарымызда. Әртүрлі жоғары оқу орнында оқыса да белсенді білім алушылар бір-бірімен байланыс орнатып, жаңа идеяларды жүзеге асыруы керек. Өйткені, жастардың жарқын ойлары, күш-жігері қоғамға оң өзгеріс әкеледі. Былтыр Түркістанда өткен халықаралық жастар форумы студенттерге үлкен серпіліс берді. Мұндай ауқымды шара биыл да ұйымдастырылмақ, – деді Айсұлу Ерниязова.

Айта кету керек, кездесуде университеттің Кәсіпкерлік орталығының жетекшісі Жанарыс Түбекбаев пен жастар ісі жөніндегі комиет төрағасы Нәбиден Марат  жаңа жобалармен таныстырды.

Жиын барысында студенттер сұрақ-жауап алмасып, ұсыныстарын жеткізді.

405 (2).png

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...