Университетке қызметке келуім мені ерекше шабыттандырды        
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 09 қаңтар 2023
  • 1340

Университетке қызметке келуім мені ерекше шабыттандырды        

Биылғы жылы университет басшылығының құрамына Академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесі - проректор Абдрашева Дана Мейрамқызының келуі университетке көптеген оң өзгерістер әкеледі деген үміт бар. Оның бойындағы заман талабына сәйкес келетін қабілеттері оқу ордамыздың даму бағытын жаңа арнаға бұрады деген сенім мол. Жылды қорытындылар тұста Дана Мейрамқызымен сұхбаттасудың сәті түскен болатын.  
- Биылғы жылы қандай жетістікпен мақтанасыз?
- Менің өмірімде биыл жетістіктер жылы болды. Ең бастысы, Гонконг педагогикалық университетінде (Education University of Hong Kong - EdUHK) докторлық диссертациямды қорғадым. Көп уақыт күткен еңбегімнің нәтижесіне жеткеніме ерекше қуаныштымын. 
- Осы жылы сізді шабыттандырған оқиға?
-Қанаттандырған жайт деп университетке қызметке келгенімді айтар едім.Академиялық ортада ұжыммен бірлесе, бір бағытта жұмыла еңбек ету, жетістіктерге бірге қуану осы мені шабыттандырды. Маған көп ретте демеу болды.  
- Биыл сіз үшін ең қызық болған тақырып?
- Биыл біз бір жобаға тапсырыс бергенбіз. Жоба қолдау тауып, сол тақырып менің қызығушылығымды оятты. Ол – «Үйдегі интернационализация» аясындағы ғылыми жоба. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарды жетілдіру барысында ізденетін боламыз.  
- 2022 жылы қандай жаңа іс бастадыңыз?
- 2022 жылы Сыр еліне келіп, университетте жұмысты бастадым.Жаңа лауазымда, жаңа жауапкершілікпен, жаңа ұжыммен және мен үшін жаңа аймаққа келуім өміріме жаңа өзгерістер енгізуде.
- Осы жылға жоспарлаған барлық нәрсені орындадыңыз ба?
- Бұл жағынан ұяттымын. Негізі, бір кітапты бір айда оқып шығатын жоспарым болған. Ол орындалған жоқ. Және жаңа бір тілді үйренгім келген. Ағылшын тілін білемін. Француз тілін жетік меңгеремін деген ойым да жүзеге аспады.
- Қандай жеке қасиетіңізді дамытып, күшейту керек деп ойлайсыз?
- Шыдамдылықты көбірек күшейту керек. «Білім - инемен құдық қазғандай»десек, білім, ғылым саласында жұмыс жасауасқан мықтылықтықажет етеді. Докторлық қорғаған сәтте жетекшімнің айтқан тілегі де осы болды. Ол кісі: Бәрін сабырлылықпен жеңіп шығасыз - деген еді.
- Қоян жылын қандай үмітпен қарсы аласыз?
- Жоспарланған жұмыстарымды толықтай межесіне жеткізуге тырысамын. Алдағы жылы оқу ордамызда Сеул ұлттық ғылым және технология университетінің филиалы ашылатынына сенемін. Қазір де бірлескен білім беру бағдарламаларын ашу бағытында серіктестік жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, дипломым қолыма тиеді деп үміттенемін. Өйткені, қорғағаннан кейін дипломды бір жыл көлемінде алатын ережелері бар. Аталған шаруалар іске асса өте жоғары деңгейдегі жұмыстардың біріне қол жеткізер едік.
- Рақымет! Әңгімелескен: Раушан Кенжетайқызы«Сыр түлегі».   

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...