Жас ғалым Өзбекстанда өткен халықаралық форумға қатысты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 26 желтоқсан 2022
  • 1171

Жас ғалым Өзбекстанда өткен халықаралық форумға қатысты

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» кафедрасының аға оқытушысы, Phd Ерлан Шынбергенов Өзбекстанның Нөкіс қаласында өткізілген халықаралық форумға қатысты.

«Жасыл Аралға жол: инновация және ынтымақтастық» атты жас ғалымдардың халықаралық форумында сала мамандары арнайы зерттеулерін көпшілікке ұсынды.

Форумның мақсаты – ғылым мен технология көмегімен Арал теңізінің жасыл және тұрақты дамуын қолдау.

Фото 1.jpeg

Форумда Арал теңізі бассейнінің тұрақты дамуына ұмтылған ғалымдар ғылыми-техникалық дамудың соңғы тенденцияларымен бөлісіп, жаңа инновациялық жаңалықтарды ортаға салды.

Ерлан Әлімжанұлы форумда «Анализ биоразнообразия и динамики изменения границ Северного Аральского моря с применением геоинформационных систем» тақырыбындағы баяндама жасады.

Аталған шара Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Арал өңірінің халықаралық инновациялық орталығы және Қытай Ғылым академиясының Шыңжаң экология және география институтының ұйымдастыруымен өткізілді.

Форумға Өзбекстан Республикасы және Қарақалпақ Республикасының үкімет мүшелері, Қытай Ғылым академиясының президенті қатысты.

Ауқымда шара соңында белсенді жас ғалымдарға ұйымдастырушылар тарапынан сертификаттар табысталды.

Фото 2.jpeg

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

 

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...