Археологиялық жәдігерлер көрмеге қойылды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 22 желтоқсан 2022
  • 1480

Археологиялық жәдігерлер көрмеге қойылды

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде әртүрлі кезеңнің тыныс-тіршілігінен хабар беретін құнды жәдігерлер көрмесі өтті. Онда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ғалымдарының қазба жұмыстары нәтижесінде табылған заттары да қойылды. 

IMGL4471.JPG
Өңірімізде облыс әкімдігінің қолдауымен 2014 жылдан бастап археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп келеді. Биыл Бәбіш мола, ортағасырлық Жанкент, Сығанақ қалашықтарында зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде әртүрлі кезеңдермен мерзімделетін тұрғын үйлердің орындары, маңызды құрылыс нысандары, қыш, құмыра күйдіретін пештер, кесенелер табылып, бірқатар нысандар консервацияланды.

Атап айтсақ, республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіш ретінде саналатын Жанкент қалашағына «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Әзілхан Тәжекеев бастаған археолог ғалымдар зерттеп келеді. Биыл Германияның Тюбинген университеті ғалымдарымен бірлесіп, қосымша қазба жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, көрмеге  облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университенің ғалымдары мен Алматы, Түркістан қалаларынан келген археолог мамандар қатысты.

IMGL4488.JPG

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...