- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- Киберқауіпсіздік офицері
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг және мансап басқармасы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму стратегиясы
- Корпоративтік басқару
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
Қызылордада микробиологиялық ғылыми-зерттеу орталығы ашылды
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті 85 жылдық мерейтойы аясында биология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, екі мәрте мемлекеттік сыйлықтың иегері Саданов Амангелді Құрбанұлы атындағы микробиологиялық ғылыми-зерттеу орталығы ашылды.
Салтанатты шарада Басқарма Төрағасы – ректор Бейбіткүл Кәрімова ғалымның ғылым мен білім саласына қосқан еңбегіне тоқталды.
«Аманкелді Құрбанұлы өзі білім алған қара шаңырақ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің өркендеп дамуына зор үлес қосып келеді. Оның ішінде бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, ғылыми кадрлар даярлау, университетіміздің оқытушы-профессорларын тағлымдамадан өткізу, сондай-ақ «Микробиологиялық ғылыми-зерттеу орталығын» жабдықтап, өскелең ұрпақтың сапалы білім алуы үшін қажырлы еңбек етуде», – деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.
Аманкелді Құрбанұлы – Қоқыт ата атындығы Қызылода университетінің түлегі. Инститтутты бірген соң Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Шығыс бөліміне қарасты В.Р. Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің топырақ биологиясы кафедрасының докторантурасын бітірген. Тынымсыз еңбектің нәтижесінде ғалым 1984 жылы ғылым кандидатты, 1995 жылы ғылым докторы атағын иеленді.
Ғалым жаңа ғылыми бағыттардың бірі топырақ биотехнологиясы мен топырақ микробиологиясын зерттейтін ғалымдарды біріктірді. Сонымен қатар, биологиялық және медициналық препараттар шығаратын «Өнеркәсіптік микробиология» зауытын ашты. Одан шығарылған препараттар халық денсаулығын жақсартуда қолданылып келді. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, ветеринария салаларына арналған 8 жаңа отандық биопрепарат технологиясы әзірленіп, өндіріске ұсынылды. Зауыттан жылына 80-90 тонна әртүрлі биопрепараттар шығарылып, сатылымға жіберіліп отыр.
«Профессор Қорқыт ата университетінің ғалымдарымен ғылым саласында жаңашыл бастамаларымен бөлісіп, үлкен ғылыми жобаларды бірге жүзеге асырып келеді. Осындай толағай еңбектерінің жемісінде «Саданов мектебі» қалыптасты. Біз ғылымдағы осындай тұлғалы ұстаздарымызды мақтаныш етеміз», - деді биология ғылымдарының докторы, профессор Салтанат Ибадуллаева.
Аманкелді Садановтың ғылыми-зерттеу нәтижелері бойынша 1036 ғылыми еңбегі жарық көрген. Оның ішінде 620 ғылыми мақала, 24 монография, жоғары оқу орындарына арналған 39 әдістемелік құралы мен оқулығы даярланып, 155 авторлық куәлік пен патент, тауар белгілері алынды.
Ғалымның жетекшілігімен 40 ғылым кандидаты және 17 ғылым докторы дайындалып, бүгінде ұстаздың шәкірттері алыс-жақын шетелдерде, еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет етуде.
Аманкелді Құрбанұлының қажырлы еңбегіне мемлекет тарапынан да жоғары баға берілді. Атап айтсақ, Ғылым мен техника саласы бойынша екі мәрте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері атанған.
Айта кетейік, микробиологиялық ғылыми-зерттеу орталығының тұсаукесер салтанатында лента қию рәсімі Бейбіткүл Сәрсемханқызы мен Аманкелді Құрбанұлына берілді.
Салтанатты жиынға зиялы қауым өкілдері, ардагер ұстаздар, профессор-оқытушылар мен білім алушылар, ғалымның шәкірттері мен замандастары қатысты.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
Call center
+7-7242-558877
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...