- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- Киберқауіпсіздік офицері
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг және мансап басқармасы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму стратегиясы
- Корпоративтік басқару
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
Қызылордада І Түлектер форумы өтті
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 85 жылдық мерейтойы аясында І Түлектер форумы өтті. Жиында әр салада табысты еңбек етіп жүрген көшбасшы түлектер бас қосты.
Жиында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, университет түлегі Ғалым Әміреев білім ордасы жаңа даму деңгейіне көтерілгенін және алдағы уақытта да ауқымды бастамалардың жүзеге асуына үлес қосатынын жеткізді.
Ал, Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов университет көптеген жастың тұлға болып қалыптасуына үлкен ықпал еткеніне тоқталды. Сондай-ақ, енді үздік түлектер студенттермен жиі кездесіп, «жетістіктер формуласы» атты шеберлік сағатын өткізіп, байланыс орнату керегін айтты.
Шарада университеттің Басқарма Төрағасы – Ректор Бейбіткүл Кәрімова оқу орнының стратегиялық дамуына түлектердің қосқан үлесі ерекше екенін атап өтті.
- Университетте 2005 жылдан бастап Түлектер қауымдастығы жұмыс жасайды. Түлектеріміздің қамқорлығымен үнемі материалдық-техникалық базаны нығайту және университетті дамыту мақсатындағы жұмыстар атқарылуда. Әсіресе, ғылыми-зерттеу бағытындағы лабораторияларды ашуға үлкен демеушілік жасалуда.
Қазіргі таңда университетіміз түлектермен жұмыс жасаудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Халықаралық және отандық үздік оқу орындарының тәжірибесі зерттелді. Болашақта өздеріңіз секілді Отанымызға қажетті мықты кадрларды тәрбилеу үшін университеттің жан-жақты стратегиялық дамуы өте маңызды және осы бағытта бірлесіп жұмыс атқаруға шақырамын – деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.
Түлектер қауымдастығының тең төрағасы, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінің директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Бахытхан Әбдікәрімов, қауымдастықтың тең төрағасы, техника ғылымдарының докторы, профессор Мақсұт Досжанов ұйымның осы кезге дейінгі жұмысына тоқталып, қауымдастық университет пен түлектер арасындағы мықты байланыстың орнауына ықпал еткенін айтты.
Форумда «Мансап» ЖШС бас директоры, іскерлік әкімшіліктендіру магистрі(MBA), ағылшын тілі мамандығының түлегі София Абдуразакова, «First Heartland Jysan Bank» АҚ Қызылорда облысы филиалының директоры, іскерлік әкімшіліктендіру докторы(DBA), халықаралық қатынастар мамандығының түлегі Роман Цой, филология ғылымдарының докторы, профессор, университет түлегі Жеңіс Сәдуақасұлы пікір білдірді.
Айта кету керек, университетте 2021 жылдан бастап Эндауменд қоры құрылды. Алдағы уақытта университет дамуына үлес қосқан шәкірттерге арнайы «Алтын түлектердің тақтасы» және «Біздің түлектер» атты электронды кітабы әзірленеді.
Жиында Түлектер қауымдастығының жаңа жетекшісі болып университеттің корпоративтік хатшысы, «Экономикалық теория және мемлекеттік басқару» кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты Гүлшат Дүзелбаева сайланды.
Сондай-ақ, бірқатар түлектер Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Үздік түлек» медалімен марапатталды. Форум соңында түлектер еркін форматта пікір алмасып, университеттің стратегиялық дамуын талқылады. Алдағы уақытта университет пен Түлектер қауымдастығы оқу ордасын дамыту бойынша бірлескен жол картасын даярлау жөнінде келісімге келді.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
Call center
+7-7242-558877
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...