Ғылыми зерттеулер мен инновацияларды коммерцияландыру
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 28 қазан 2022
  • 1777

Ғылыми зерттеулер мен инновацияларды коммерцияландыру

«Parasat Ideas» ұлттық ақылдасу алаңының ұйымдастыруымен Павлодар педагогикалық университетінде онлайн форматта «Ғылыми зерттеулер мен инновацияларды коммерцияландыру» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Шараға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіндегі Ғылым департаментінің директоры Наргүл Аманова қатысып, оқу орнындағы ғылыми зерттеулердің барысы мен күтілетін нәтиже туралы атап өтті.

Семинарға қатысушы ЖОО өкілдері өз университеттерінде жүзеге асырылған  инновациялық жобалар мен стартап бастамалар туралы баяндаса, білім алушылар өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, пікір алмасты.

Сонымен қатар, жиында жас ізденушілер мен өнертапқыштарға арналған «Parasat Ideas»  республикалық байқауының өтіп жатқаны хабарланды. Байқау нәтижесінде жеңімпаз атанған білім алушы туралы тегін 20 минуттық фильм түсірілмек.

025.jpg

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...