Шетел тілін оқытудағы жаңа бағыттар
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 05 қазан 2022
  • 1753

Шетел тілін оқытудағы жаңа бағыттар

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 85 жылдық мерейтойы аясында шетел тілі мұғалімдеріне арналған «New paradigms in language teaching» (Шетел тілдерін оқытудағы жаңа бағыттар) атты ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырылды.

«Шетел тілдері және аударма» кафедрасы өткізген шараға облыстағы 40 мектептен 90-ға жуық оқытушы қатысты.

Жиында университеттегі ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнұр Бөрібаева білім беру саласындағы өзгерістер, инновациялық жаңалықтарды атап өтті.

Халықаралық стипендиялық бағдарламалармен жұмыс тобының жетекшісі Темірболат Кеншінбай шетел тілдері мұғалімі мен білім алушыларға арналған бағдарламалардың ерекшелігін түсіндіріп, бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. Сонымен қатар, кафедраның профессор-оқытушылары ғылыми жұмыстарды  ұйымдастыру, зерттеу әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

 Семинар «Білім алушылардың зерттеу жұмыстары», «Білім берудегі цифрлық ресурстар», «Оқыту үдерісіндегі зерттеу жұмыстары» атты секциялар бойынша жүргізілді.  

Ал, АҚШ пен Кореядан келген волонтер-оқытушылар Келси Добровский және Ю Хеджин, Ким Енгбом  әдістемелік тренингтер өткізді.

Семинар барысында тапсырмаға бағыттылған оқыту әдістемелері туралы тәжірибеммен бөлістім. Екі елдің білім беру саласындағы ерекшеліктерді талқылап, тиімді әдіс-тәсілдерді білім беру бағдарламасына қосу туралы ақылдастық, – деді Ю Хеджин.

 Жиын соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

P2022121.JPG

P2022098.JPG

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...