Түлектерге арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 25 сәуір 2025
  • 109

Түлектерге арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен “Mansap Navigator 2.0” атты түлектерге арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. 
Кездесудің мақсаты – түлектерге тұрақты жұмыс табуға қолдау көрсету, оларға еңбек нарығындағы әлеуетті мүмкіндіктерді таныстыру.
Жиынды университеттің Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнура Бурибаева ашып, қазіргі еңбек нарығындағы заманауи талаптар мен университет түлектерінің бәсекеге қабілеттілігі жөнінде сөз сөйледі. 

93229f784c933ebdffc875b9fa22d02e.jpg

4ba485700b64b07e2d02ac615879d9f43.jpg

f241e978ff621251cf88b8bf968e3bfc.jpg

99b6109e6b4d9468474d0ad297734c32.jpg

cc33f522e875fbb6aa6d4f3d63fdc292.jpg

Жәрмеңке жұмысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Ерлеген Мендалиев, Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Жасұлан Шынтасов, Еңбек мобильділігі орталығының бөлім басшысы Абылай Самыратов, Облыстық экономика және қаржы басқармасының «Ауылдық аумақтарды және агроөнеркәсіптік кешенін дамыту» бөлімінің басшысы Бақытжан Қожабекұлы, сондай-ақ әскери бөлім командирінің тәрбие және идеология жұмыстары жөніндегі орынбасары Нұртас Дәулетқали және университет түлектері қатысты. 
Биылғы оқу жылында университетте 2616 студент оқуын аяқтайды. Оның ішінде 2355 түлек бакалавриат, 248 түлек магистратура, ал 13-і докторантура бойынша білім алуда. 
Жәрмеңкеге 25-ке жуық жұмыс беруші ұйым қатысты. Олар 200-ге жуық бос жұмыс орнын ұсынып, жас мамандармен ашық диалог жүргізді. Түлектер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы ақпараттарға қол жеткізді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...