- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- Киберқауіпсіздік офицері
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг және мансап бөлімі
- Жұмыс берушілер кеңесі
- 2024-2025 оқу жылына арналған магистратура бойынша кәсіби бағдар беру жол картасы
- Шетелдік студенттер санын көбейту мақсатында атқарылатын жұмыстар бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
- Жасанды интеллект институтының кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша 2024-2025 оқу жылына жылдық жұмыс жоспары
- Түйіндеменің үлгісі
- «Upgrade» алаңы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму стратегиясы
- Корпоративтік басқару
- Директорлар кеңесі
- Корпоративтік хатшы
- Корпоративтік оқиғалар
- Корпоративтік құжаттар
- Директорлар кеңесінің отырыстары
- Директорлар кеңесінің комитеттері
- Директорлар кеңесінің қызметі туралы есеп
- Басқарма
- Басқарма отырыстары
- Ішкі аудит қызметі
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызмет
- Жалғыз акционердің шешімдері
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Тәуекелдердің жиынтық картасы
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
- ТДМ
- Тұрақты даму саласындағы саясаты
- Тұрақты даму мақсаттары саласындағы саясатын іске асыру жөніндегі іс-шаралар
- Тұрақты даму саласындағы саясатын жүзеге асыру тетігі
- Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі маман
- Ғылыми жобалар
- Арал өңірі экожүйелерін зерттеу халықаралық орталығы
- Тұрақтылық бойынша білім беру бағдарламалары
- Тұрақты даму жөніндегі уәкілеттілер
- Инклюзивті білім беру орталығы

Цифрлық трансформация жағдайындағы аймақтық білім беру реформалары: тәжірибе мен келешек
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Назарбаев Университетінің ұйымдастыруымен «Аймақтық білім беруді дамыту және маңызды реформаларды енгізу» тақырыбында республикалық екі күндік семинар өтуде.
Семинардың мақсаты - аймақтық деңгейде білім беру көшбасшыларының стратегиялық құзыреттіліктерін арттыру, халықаралық тәжірибелер мен үздік практикаларды ескере отырып білім беру реформаларын жобалау, жүзеге асыру және қолдау жолдарын ұсыну.
Жоғары білім беру мектебінің біліктілікті арттыру бағдарламалары жөніндегі департамент директоры Жаңыл Жонтаева алғы сөз алып, семинар жұмысына сәттілік тіледі.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы - Ректор Бейбиткүл Каримова «Аймақтық білім беру саясаты мен жасанды интеллект: бүгіні және болашағы» тақырыбындағы баяндамасында атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттерге тоқталды. Ол өз сөзінде: «Мақсатымыз – тек прогрестің соңынан ілесу емес, керісінше, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім берудің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру арқылы оның болашағын бірге қалыптастыру» екендігін тілге тиек ете келе: «Осы аймақтық ерекшеліктер мен жаһандық трендтерді ескере отырып, біз IT және жасанды интеллект бағыттарын дамытудың зор әлеуетін көріп отырмыз. Әсіресе, экономика салаларында ЖИ дағдылары бар кадрларды даярлау маңызды, себебі бизнестегі автоматтандыру, оқыту (білім беру), экономика IT мен ЖИ-сыз дамымайды. Өңірдің көлік жүйесі жақсы дамыған, алдағы 10-15 жылда IT мен ЖИ қызметтерін көрші елдерге экспорттауға толық мүмкіндік бар. Осы уақыт ішінде бұл салада мамандарға сұраныс қарқынды өсетін болады»,- деді.
Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Асқар Есжанов «Аймақтық білім беруді қалай дамытуға және маңызды реформаларды енгізуге болады?» тақырыбымен баяндама оқыды. Ол өз кезегінде соңғы бірнеше жылда Қызылорда облысының білім беру саласында атқарылған маңызды істер мен жетістіктерге шолу жасады. Есжанов облыс мектептерінің білім беру бағдарламасына жасанды интеллекттің (AI) түрлі құралдарын енгізуді ерекше атап өтті. Бұл технологиялардың оқыту мен оқу үдерістерінің сапасына оң әсерін тигізетіндігіне басымдық берді. Атап айтқанда, ол ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді қолдаудағы AI құралдарының тиімділігін, мұндай технологиялар жекелендірілген оқыту мүмкіндіктерін ұсынып, оқудағы кемшіліктерді жоюға көмектесетінін атап айтты.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Дана Абдрашева «Білім беру саласындағы цифрлық трансформацияға педагогтар мен білім беру ұйымдары басшыларын дайындау» тақырыбында баяндама жасады.
Проректор Абдрашева Дана Мейрамқызы бүгінгі семинар жұмысына сәттілік тілеп, жаһандық өзгерістер мен технологиялық жетістіктерге байланысты болашақта күтілетін жұмыс орындарының тапшылығы қаупіне тоқталды. Ол цифрлық сауаттылық және цифрлық ресурстармен тиімді жұмыс істеу қабілетінің өсіп келе жатқан маңыздылығы, жоғары білім берудегі қазіргі тенденциялар жайында сөз қозғады. Проректор білім беру саласындағы жетекші елдер сандық құралдар мен AI технологиялар кешенін өздерінің білім беру жүйесіне белсенді түрде енгізіп жатқанын атап өтті. Ол оқыту мен оқуда қолдануға болатын Brisk, EssayGrader.ai, CoGrader сияқты соңғы AI құралдарының мысалдарын келтірді. Сонымен бірге академиялық қызметкерлердің осы құралдарды оқу және оқу үдерістеріне біріктіру, осылайша студенттердің болашақ еңбек нарығының талаптарына дайын болуын қамтамасыз ету қажеттігін, оқу орындары кәсіби қызметінде оңтайлы нәтижелерге қол жеткізу үшін жасанды интеллектті тиімді басқара және пайдалана алатын түлектерді дайындауға баса назар аударуы керектігін атап өтті.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Баянәлі Досжанов «Білім берудегі цифрлық трансформацияға мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының басшыларын дайындау» тақырыбында баяндама жасады.
Ол университеттің жасанды интеллектті (AI) білім беру бағдарламаларына біріктіру бойынша жүргізіліп жатқан әрекеттеріне шолу жүргізді. Директор өз сөзінде оқу әдістерін де, студенттердің оқу нәтижелерін де жақсартуға бағытталған AI құралдары мен платформаларын енгізуге баса назар аудара отырып, академиялық оқу жоспарын жаңарту бойынша қабылданған негізгі қадамдарды атады. Ол білім беру үдерісінде дербестендірілген оқыту, автоматтандырылған бағалау және деректерге негізделген шешім қабылдау үшін AI негізіндегі жүйелерді енгізуге ерекше тоқталды. Сонымен қатар, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерді әртүрлі пәндер бойынша AI-ны практикалық қолданумен таныстыруға арналған оқу модульдерін әзірлеу мен енгізуді айтып өтті.
Қызылорда облысы бойынша Оқу-әдістемелік орталығының директоры Сырым Асқаров «Мұғалімдерге арналған тәлімгерлік және цифрлық технологияларды енгізу» тақырыбында воркшоп/практикалық сессиясын өткізді. Мұғалімдерді әдістемелік қолдау, мұғалімнің шығармашылық алаңының жұмыстарын облыстық тірек білім беру ұйымдары беріп отырған бастамашыл жобалар негізінде жүргізіп жатқандығын атап өтті.
Айта кетейік, семинарға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 86 делегат қатысуда. Екі күнге жалғасқан бұл басқосуда ұсынылған ойлар мен шешімдер қазіргі білім беру жүйесіне қойылатын талаптарға сай келіп, оларды тиімді жүзеге асыру – болашақ педагогтер мен білім беру көшбасшыларының кәсіби құзыреттілігін арттыруға, аймақтық білім жүйесінің сапасын көтеруге үлес қосты.
Іс-шара Педогогика және дәстүрлі өнер институтының концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: media_korkyt@mail.ru
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
Call center
+7-7242-558877
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...