Халықаралық серіктестік нығаюда
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 18 сәуір 2025
  • 377

Халықаралық серіктестік нығаюда

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне Сеул ұлттық ғылым және технология университетінің (SeoulTech) Президенті, профессор Дон Хван Кимбастаған делегацияқос дипломды білім беру бағдарламасы аясындағы жұмыстарды жүзеге асыру үшін ресми сапармен келді. 

Сапар барысында SeoulTech университетініңПрезиденті Дон Хван Ким аймағымыздағы Назарбаев Зияткерлік мектебі (NIS), 125 HIGH SCHOOl, Білім-инновация лицейі (BIL) және Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектептің оқушыларымен кездесті.

WhatsApp Image 2025-04-18 at 16.25.23 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-04-18 at 16.25.23 (2).jpeg

WhatsApp Image 2025-04-18 at 16.25.22 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-04-18 at 16.25.22 (2).jpeg

Жиын барысында профессоржаңа білім беру бағдарламасыжайлы кеңінен түсіндіріп, талапкерлерге оқу бағдарламасының мазмұны, академиялық мүмкіндіктері, шетелде білім алу артықшылықтары мен бейімделу бағдарламалары жөнінде жан-жақты мағлұматтар ұсынды.

Іс-шараға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға нақты жауаптарын алып, Оңтүстік Кореяның жоғары білім беру жүйесіндегі ерекшеліктер туралы ақпараттармен танысты.

WhatsApp Image 2025-04-18 at 16.25.22.jpeg

WhatsApp Image 2025-04-18 at 16.25.24 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-04-18 at 16.25.21 (2).jpeg


Аталған қос дипломды бағдарлама – білім алушылар үшін  сапалы білім алумен қатар, халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беретін бірегей жоба. Бұл бастама болашақта қазақстандық және корейлік жоғары білім жүйесі арасындағы байланысты одан әрі нығайтып, жас мамандардың жаһандық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына жол ашады.

WhatsApp Image 2025-04-18 at 16.25.21 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-04-18 at 16.25.23.jpeg

WhatsApp Image 2025-04-18 at 16.25.20 (1).jpeg


Айта кетсек, 2024 жылдың 12 маусымында Сеултех университетімен қос дипломды «AI архитектор», «Деректерді басқару» білім беру бағдарламалары бойынша кадрларды даярлау туралы келісімге қол қойылды.Жаңа басталған қос дипломды бағдарламаға қызығушылық танытқан талапкерлер саны күннен күнге артып келеді. Осыған орай, университет кәсіби бағдар беру мақсатында Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі мектеп бітіруші түлектерімен кездесіп, бағдарлама туралы кең көлемде ақпарат тарату жұмыстарын жүргізуде.

 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru
 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...