Литвада оқу үшін бакалавриат студенттеріне арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша конкурс туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 16 сәуір 2025
  • 172

Литвада оқу үшін бакалавриат студенттеріне арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша конкурс туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті халықаралық байланыстар бөлімі 2025-2026 оқу жылының күзгі семестрінде Литва елінің Вильнюс колледжінде (VIKO),  ағылшын тілінде оқуға арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасымен келесі білім беру бағдарламаларының факультеттері бойынша конкурске құжаттар қабылдайтындығын жариялайды. Вильнюс колледжі-біздің серіктес ЖОО, Балтық аймағының қолданбалы ғылымдар университеттерінің ең ірі  университеті болып саналады.

Электроника және информатика факультеті

Экономика факультеті

Бизнесті басқару факультеті

Денсаулық сақтау факультеті

Агротехнология факультеті

Педагогикалық факультеті

Өнер және шығармашылық технологиялар факультеті

Құрылыс және инженерия факультеті

Дизайн факультеті

Техникалық факультеті

Бағдарламаға бакалавриат студенттері қатыса алады (бітіру курстарынан басқа). Егер конкурсқа қатысқан студенттер стипендиялық бағдарламаның иегері болған жағдайда, оларға 560 еуро сомасында ай сайынғы стипендия беріледі, 2025 жылдың қыркүйегі мен 2026 жылдың қаңтары аралығында Вильнюс колледжінде тегін оқиды, ал бару-қайту жолақысы, медициналық сақтандыру полисі, визалық шығындары және жатақханада тұру ақысы студенттердің өз есебінен болады.

Өтініш беруші келесі құжаттарды тапсыруы қажет:

1) Білім алушының толық деректерімен университет басшысының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш (институт, мамандық, топ, төлқұжат деректері, тұрғылықты мекенжайы, э-пошта);

2) Үлгерімі туралы транскрипт (Платонус арқылы электронды түрде) (GPA 3.0 баллдан төмен болмау керек);

3) Шетел тілін (ағылшын тілі) меңгеру деңгейін растайтын құжат: бар болған жағдайда шетел тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйелері арқылы алынған сертификат (IELTS/TOEFL) немесе Қоркыт Ата университетінде тапсырған институционалды тест нәтижесі;

Құжаттар халықаралық байланыстар бөлімінде қабылданады.

Мекен-жайымыз: Қызылорда қ-сы, Әйтеке Би көшесі 29-А, бас оқу ғимараты, 2-қабат, 224-ші бөлме, телефон: 26-29-57


Қорқыт Ата атындағы ҚУ-дың  халықаралық байланыстар бөлімі.

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...