Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті медиа орталық жетекшісінің уақытша бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 16 сәуір 2025
  • 223

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті медиа орталық жетекшісінің уақытша бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) конкурсқа қатысу үшін өтініш; 
2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) конкурсқа қатысушының 3х4 түрлі түсті сүреті бар қызметтік тізбесі;
4) білім туралы құжат көшірмесімен бірге, салыстыру үшін түпнұсқасы беріледі;
5) жұмыс орны бойынша (қазыргі немесе бұрыңғы) кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 
6) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);
7) № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 тіркелген);
8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Жоғарыда көрсетілген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат, сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Медиа орталық жетекшісі білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын; "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын; Орындалатын жұмыс мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзге де құқықтық актілерін; Ақпаратты тиімді басқару қағидаттарын; Университет қызметін ақпараттық қамтамасыз етуге байланысты құжаттаманы ресімдеу, жүргізу және сақтау тәртібін; Қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер), жұмыс қағидаттарын Интернет желісінде мультимедиялық жабдықты пайдалану тәсілдері; Қарым-қатынас психологиясының, әлеуметтанудың және кәсіби қатынастар этикасының негіздері; Еңбек заңнамасының негіздері; Ішкі тәртіп ережелері; Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрттен қорғау ережелері мен нормалары. Күн сайын өз жұмысына қатысты нормативтік-құқықтық актілерді зерделейді.

Медиа орталық жетекшісінің біліктілік талаптары: жоғары білімі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі немесе білім беру ұйымдарында басшы қызметтерде немесе мамандық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 25.04.2025ж. сағат 17:00-ге дейін. Байқаудың өтетін күні мен орны кейінірек хабарланады.
Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады: 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, адами ресурстарды басқару басқармасы, 205 каб.; e-mail: hr@korkyt.kz

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...