Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуда
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 14 сәуір 2025
  • 378

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуда

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Ташкент қаласында “Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты”  Ұлттық зерттеу университетінің 90 жылдық мерейтойы аясында  “Жаһандану жағдайында жоғары кәсіби білім мен ғылымды дамытудың болашағы” тақырыбындағы халықаралық конференцияға қатысты.

Университет атынан шараға академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Баянәлі Досжанов және “Аграрлық технологиялар” білім беру бағдарламаларының қауымдастырылған профессоры Ибадулла Таутенов қатысып, ғылыми тәжірибе алмасуға өз үлестерін қосты.

Конференция барысында шет елдік және отандық ғалымдардың қатысуымен пленарлық мәжіліс ұйымдастырылып, білім мен ғылым саласындағы өзекті мәселелер қаралды. Сонымен қатар, 7 секция бойынша түрлі тақырыптарда баяндамалар жасалып, пікірталастар өтті.

WhatsApp Image 2025-04-11 at 07.23.47.jpeg

WhatsApp Image 2025-04-11 at 07.23.45.jpeg

WhatsApp Image 2025-04-11 at 07.23.46.jpeg

Іс-шара аясында “КАСКАД” консорциумына мүше жоғары оқу орындарының қатысуымен арнайы семинар өткізілді. Бұл семинарда академиялық департамент директоры Баянәлі Досжанов Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қызметі, жетістіктері және болашақтағы даму бағыттары туралы баяндама жасады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...