ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі Қорқыт ата университетінің студенттерімен кездесті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 08 сәуір 2025
  • 338

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі Қорқыт ата университетінің студенттерімен кездесті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан белсенді студенттермен кездесу өткізді.

WhatsApp Image 2025-04-08 at 17.19.40.jpeg

WhatsApp Image 2025-04-08 at 17.19.59.jpeg

WhatsApp Image 2025-04-08 at 17.19.58 (1).jpeg

Кездесу барысында жастармен білім беру сапасын арттыру, студенттік өзін-өзі басқару жүйесін дамыту және әлеуметтік мәселелерді шешу жолдары кеңінен талқыланды.

Сондай-ақ, кездесуде «Толық адам» тұжырымдамасы сөз болып, тәрбиелік мәні зор мәселелер көтерілді. Министрлік өкілі жастарды ғылыммен айналысуға, жан-жақты білім алуға және білім саласында болып жатқан өзгерістерге белсенді араласуға шақырды.

Жиында студенттік ұйым өкілдері университет қабырғасында жүзеге асырылып жатқан жобалар жөнінде баяндап, оқу процесін жетілдіруге қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды. Өз кезегінде комитет төрағасының орынбасары студенттердің белсенділігі мен ұсыныстарын оң бағалап, оларды жан-жақты қолдауға дайын екенін жеткізді.

Айта кетейік, комитет төрағасының орынбасары университетте жүзеге асырылып жатқан бірқатар бастамалар мен инфрақұрылымдық жетістіктерге назар аударды. Ол жастар ұйымдарының көрмесін тамашалап, университет тарихына арналған мұражай жұмысын көріп шықты. Сонымен қатар, «Open space» форматындағы кітапхана қызметімен, Жасанды интеллект институтының жұмысымен және «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бағыттағы зертханасының мүмкіндіктерімен танысты.

WhatsApp Image 2025-04-08 at 17.20.01.jpeg

WhatsApp Image 2025-04-08 at 17.19.57 (2).jpeg

WhatsApp Image 2025-04-08 at 17.19.57 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-04-08 at 17.19.57.jpeg

Сапар барысында Ақерке Абылайхан Мәделхан Нәлібаев атындағы су шаруашылығы мұражайымен, университет жанындағы «Сейхун» спорттық – сауықтыру кешенін және № 5 студенттер үйінің жай-күйін көріп шықты.

WhatsApp Image 2025-04-08 at 17.19.56.jpeg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...