Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне арналған семинар өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 07 сәуір 2025
  • 497

Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне арналған семинар өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Стратегия және ІТ департаментінің ұйымдастыруымен университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне арналған семинар ұйымдастырылды.

Шараға университеттің профессор-оқытушыларым мен қызметкерлері қатысты.

WhatsApp Image 2025-04-07 at 11.56.36 (2).jpeg

WhatsApp Image 2025-04-07 at 11.56.36.jpeg

WhatsApp Image 2025-04-07 at 11.56.37.jpeg

WhatsApp Image 2025-04-07 at 11.56.37 (1).jpeg

Жиында Стратегиялық даму және IT жөніндегі проректор Махмут Томанов инфрақұрылым көмегімен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің  оқу үдерісін цифрландыру жайында сөз етті. Сонымен қатар, Стратегия және ІТ департаментінің диреторы Нұрбахыт Нұрмұхаметов  ішкі сапаны қамтамасыз ету стандарттарының университет қызметіндегі ролі және мәніне тоқталды. Оқу үдерісіндегі басым бағыттарды басты назарда ұстау қажеттігін және ішкі нормативтік құжаттарды басшылыққа ала тырып барлық құрылымдық бөлімдердің үйлесімді жұмысы ғана сапаны қамтамасыз ететінін атап өтті.
Кездесудің мақсаты - Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті КеАҚ-тың 2023-2029 жылдарға арналған Даму бағдарламасы және Қорқыт ата атындағы  Қызылорда университеті КеАҚ тұрақты даму саласындағы саясаты, сапаны қамтамасыз ету стандарттары аясында түсіндірме жүргізу.

Айта кетсек, семинар келесі аптада тұрақты даму мәселелерін талқылау және QS әлемдік рейтингінің индикаторларын түсіндіру үшін өз жалғасын табады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...