Екіжақты меморандумға қол қойылды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 03 сәуір 2025
  • 384

Екіжақты меморандумға қол қойылды

«Әлемді ғылым құтқарады» ғылым айы аясында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен РУ-6 компаниясы  арасында екі жақты меморандумға қол қойылды.

Жиынға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Кәрімова мен «РУ-6» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Жандос Әбдімәуленов қатысып, келісімге қол қойды.

Негізгі мақсаты – ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (НИОКР) арқылы Қызылорда өңіріндегі экологиялық мәселелерді шешу, қоршаған ортаны қорғау, ғылым мен өндіріс арасындағы ынтымақтастықты дамыту, жаңа экологиялық технологияларды енгізу, студенттер мен жас ғалымдарды тәжірибелік зерттеулерге тарту. 

WhatsApp Image 2025-04-07 at 10.16.25.jpeg

WhatsApp Image 2025-04-07 at 10.16.24.jpeg

Кәсіпорын қызметкерлері мен университет ғалымдары «Қарамұрын кенішінде радионуклидтерден топырақты тазартудың фиторемедиациялық технологиясын әзірлеу» тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын (НИОКР) жүргізу жөнінде алдын-ала талқылау жүргізді.

Айта кетсек, "РУ-6" ЖШС өңірдегі алғашқы уран өндіруші кәсіпорын болып табылады.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...