Археологтар Жанкент қалашығы VІІ ғасырда бой көтергенін анықтады
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 19 тамыз 2022
  • 1821

Археологтар Жанкент қалашығы VІІ ғасырда бой көтергенін анықтады

Қызылорда облысындағы ортағасырлық Жанкент қаласының орнында археологиялық қазба жұмыстары биыл да жалғасты. Зерттеушілер  жаратылыстану ғылымдары әдістерін қолданып, Жанкенттің абсалюттік жасын анықтады. Бұған дейінгі деректерде көне қаланың ІХ-ХІ ғасырларда бой көтергені айтылса, жаңа зерттеулер шаһардың іргетасы VІІ ғасырда қаланғанын көрсетті.

Ескерткіш бүгінде төрт жерден қазылып, археологтар заманауи инновациялық құрал-жабдықтардың көмегімен зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Табылған жәдігерлер археологиялық зерттеулер зертханасында өңделіп, облыстық тарихи-өлкетану мұражайына беріледі.

Айта кетейік, жобаның ғылыми жетекшілері археология ғылымдарының докторы, профессор Генрих Харке, тарих ғылымдарының кандидаты Әзілхан Тажекеев және тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Ирина Аржанцева. Зерттеу жұмыстарына Тюбинген университетінің, Ресейдің Жоғары Экономика мектебінің, Мәскеу мемлекеттік университетінің және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің  студенттері мен 35 ғалым қатысып жатыр.

P1959649.JPG

P1959755.JPG

P1959706.JPG

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...