Мұстафа Шоқай идеялары: халықаралық конференция өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 01 қараша 2024
  • 425

Мұстафа Шоқай идеялары: халықаралық конференция өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Мұстафа Шоқай және түркі әлемі: тарихтан тағылым мен идеялық сабақтастық» тақырыбында халықаралық онлайн ғылыми конференция өтті. Іс – шараның модераторы  Қорқыт ата университетінің Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнұр Бөрібаева болды.

Конференцияға Түркия, Польша, Өзбекстан және Қазақстан елдерінің ғалымдары, университеттің жетекші зерттеушілері мен оқытушылары қатысты. Түркиядан келген Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Әбдіуақап Қара Мұстафа Шоқайдың түркі халықтары арасындағы мәдени және тарихи сабақтастықтағы рөлін талқылады. Ал Польша Ғылым Академиясы Ұлттық жады институтының профессоры, Phd дәрежелі Павел Либера отаршылдық кезеңіндегі Мұстафа Шоқайдың саяси көзқарастарының қазіргі түркі ынтымақтастығына әсерін атап өтті.

Өзбекстан Республикасының Ғылым Академиясы Тарих институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қаһроман Раджабов Шоқайдың Түркістан халықтарының тәуелсіздігі жолындағы күресін айқындады. Қорқыт ата университетінің «Мұстафа Шоқай» ғылыми орталығының жетекшісі, саяси ғылымдарының докторы, профессор  Әбдіжәлел Бәкір оның тәуелсіздікке жету үшін күрескен идеяларының заманауи маңызын саралады.

WhatsApp Image 2024-11-01 at 09.13.54 (2).jpeg

WhatsApp Image 2024-11-01 at 09.13.54 (1).jpeg

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Тұрсын Хазіретәлі, Түркиядағы Күтахия Думлупынар университетінің профессоры, Phd дәрежелі Веджихи Сефа Фуат Хекимоғлы және Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының жетекші сарапшысы, т.ғ.к., доцент Гүлсім Бисенова да өз зерттеулерін ұсынды. Конференцияда сонымен қатар Қорқыт ата университеті «Мұстафа Шоқай» ғылыми орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Сағат Тамшыбайұлы сөз алып, Мұстафа Шоқайдың мұрасын зерттеудің болашақ бағыттары туралы ой қозғады.

Ғылыми кеңестің мақсаты – Мұстафа Шоқайдың түркі әлемі мен ұлт – азаттық қозғалыстарына қосқан үлесін ғылыми тұрғыдан талқылау, оның идеяларының қазіргі түркі халықтары арасындағы байланыстарға және ынтымақтастыққа әсерін талдау, сондай-ақ оның мұрасын жаңа тарихи және саяси контексте қайта пайымдау болды. 

Конференция түркі халықтарының бірлігі мен ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған маңызды алаңға айналды. Бүгінде Мұстафа Шоқайдың ойлары түркі елдері арасындағы ынтымақтастықтың идеологиялық негізі ретінде қызмет етіп келеді.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...