CONNECTED-2024: Қазақстанның білім беру хабына айналуының жаңа кезеңі
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 21 қазан 2024
  • 383

CONNECTED-2024: Қазақстанның білім беру хабына айналуының жаңа кезеңі

Астанада өткен «CONNECTED-2024» халықаралық конференциясы аясында ұйымдастырылған Стратегиялық әріптестер форумы Қазақстанның жаһандық білім беру орталығы ретіндегі рөлін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды. Форумға 20-дан астам елден 1500-ге жуық делегат, жоғары оқу орындарының өкілдері мен халықаралық серіктестер қатысты.

Форумның негізгі тақырыбы – «Білім және болашақ ғылымы» болып, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің модераторлығымен өтті. Жиында жоғары білім беру саласының дамуындағы өзекті мәселелер, сын-қатерлер мен болашақ мүмкіндіктері талқыланды. Қатысушылар білім мен ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылап, тәжірибе алмасты.

463981601_1099520925250772_8900133326263355174_n.jpg

Министр Саясат Нұрбек өз баяндамасында Қазақстанның білім беру жүйесін нығайтудағы серіктестіктердің рөліне тоқталып, елімізді Орталық Азия мен Еуразияның білім беру хабына айналдыруға деген мақсаттарын атап өтті. Қазақстанның жаһандық білім беру орталығына айналуына мүмкіндік беретін жаңа серпін – бұл форумның басты нәтижелерінің бірі болмақ.

Форум барысында халықаралық әріптестік саласындағы маңызды келісімдер де сөз болды. Атап айтқанда, Сеул Ұлттық Ғылым және Технологиялар Университетінің вице-президенті доктор Тэйхи Ким өз баяндамасында SeoulTech пен Қорқыт ата университеті арасындағы ынтымақтастықты ерекше атап өтіп, 2025 жылы басталатын 2+2 Қос диплом бағдарламасы туралы айтты. Бұл бағдарлама қазақстандық студенттерге Қазақстан мен Оңтүстік Кореяда қатар білім алу мүмкіндігін ұсынады және жоғары технологиялар саласындағы мамандарды халықаралық деңгейде даярлауға жол ашады.

463920047_1099520975250767_1494755329562001631_n.jpg

463856557_1099521015250763_8807066521079785306_n.jpg

Айта кету керек, Қорқыт ата университеті мен Польшадағы Быдгощ Экономикалық университеті (WSG) арасында маңызды ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл келісім бірлескен ғылыми зерттеулер мен білім беру жобалары арқылы Қазақстан мен Польша арасындағы халықаралық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Осындай стратегиялық бастамалар Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік аренадағы беделін арттырып, халықаралық әріптестікті нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...