Жасанды интеллект және заманауи білім беру: Қорқыт ата университетінде семинар-мәжіліс өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 30 қыркүйек 2024
  • 682

Жасанды интеллект және заманауи білім беру: Қорқыт ата университетінде семинар-мәжіліс өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» және «Ақпараттық қауіпсіздік» мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің көшпелі семинар-мәжілісі өтті. Семинардың басты тақырыбы – «Жасанды интеллект: тиімді қолдану уақыты».
Семинарға еліміздің әр өңіріндегі жоғары оқу орындарының проректорлары, декандары мен оқытушылары қатысты. Семинар барысында қатысушыларға университеттің 5 оқу ғимараты таныстырылды. Кампус туры аясында қонақтар жасанды интеллект технологияларын оқу процесіне енгізудің артықшылықтарын көріп, оны оқу аудиторияларында, зертханаларда және IT-инфрақұрылымдарда қалай қолдануға болатынына куә болды.

361.jpg

362.jpg

364.jpg

365.jpg

Оқу ғимаратын таныстыруға ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнұр Әбілтайқызы мен стратегиялық даму және IT жөніндегі проректор Махмұт Мұратұлы, академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Баянәлі Амантайұлы, жасанды интеллект институтының директоры Нұрлан Құлмұрзаев және профессор, химия ғылымдарының кандидаты Нұрбол Аппазов қатысты.
Семинарда IT-білім беру саласындағы инновациялар, жасанды интеллекттің білім беру жүйесінде қолданылу мүмкіндіктеріне салыстырмалы талдауы жасалды. Модератор ретінде ХАТУ АҚ басқарма төрағасы-ректоры Асылбек Исахов сөз сөйледі. Исахов өз сөзінде жасанды интеллектті жоғары білім беру жүйесіне енгізуге бар күш-жігерін салатынын атап өтті. Сонымен қатар, ХАТУ университеті жасанды интеллектіні 100 пайыз қолданысқа енгізгенін жеткізді. Келесі құттықтау сөздер Қорқыт ата университетінің ректоры Бейбіткүл Сарсемханқызы мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі Гульжан Сагидоллаевнаға берілді.

363.jpg

366.jpg


Сагидоллаевна өз сөзінде: «Жоғару оқу орындарының бірлестігінің кезекті отырысына Қорқыт ата университетінде жиналып отырмыз. Қорқыт ата университетін таңдаған себебіміз – Сеул техникалық университетімен бірлесе отырып Жасанды интеллект жоғары мектебінің ашылуы. Бұл жоба елімізде жасанды интеллектті дамыту бойынша Президенттің тапсырмасын орындау аясында жүзеге асуда. Университетте жасанды интеллект жұмыстары қалай жүріп жатқандығын көріп, оның болашақтағы маңызы мен мүмкіндіктерін талқылау», – деп атап өтті.

367.jpg

Семинарда HUAWEI компаниясының жасанды интеллект саласындағы шешімдері ұсынылды, сондай-ақ қатысушыларға тәжірибелік сессиялар өткізіліп, олар жасанды интеллектті тиімді пайдалану бойынша нақты дағдыларды меңгеруге мүмкіндік алды. Семинар IT мамандарын даярлаудағы жаңа тәсілдер мен инженерлік білім берудің заманауи моделін талқылауға арналды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...