Университетте жастармен Жолдау талқыланды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 24 қыркүйек 2024
  • 236

Университетте жастармен Жолдау талқыланды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау бойынша қалалық ақпараттық тобымен кездесу өтті.
Жиында Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай сөз бастап, Жолдауды жүзеге асыру экономиканың одан әрі өркендеуіне, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететінін айтты.

347.jpeg


Кездесуде профессор Нұрбол Аппазов елімізде АЭС бойынша ғылыми түсінік берсе, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жұмабек Әлиев АЭС құрылысының маңыздылығына тоқталды. 
“Елімізде соңғы бес жылда электр тапшылығы байқалады. Біз болашақты ойлауымыз керек. Он жылдан кейін де бұл өзектілігін жоғалтпайды. Электр энегиясын қажет ететін әлі қаншама елді-мекендер бар. Сондықтан елдің өркендеуі үшін, өндірістің дамуы үшін АЭС құрылысы қажет деп есептеймін. Бұл мәселе қоғамда кеңінен талқылану керек”,- деді Жұмабек Әлиев.

348.jpeg


Қатысушылар Президент Жолдауында айтқан басым бағыттарға жіті тоқталып,  жан-жақты талқылады. Айта кетейік, 6 қазан күні елімізде жалпыхалықтық Референдум өтеді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...