Қызылордада уран өндірісіндегі Хакатон өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 20 қыркүйек 2024
  • 408

Қызылордада уран өндірісіндегі Хакатон өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті тау-кен өнеркәсібінің өзекті мәселелерінің түйткілді мәселелерін талқылау алаңына айналды. Себебі, отандық, шетелдік ғалымдар мен ғылыми-зерттеу институттарының зерттеушілері  ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бастамасымен ұйымдастырылған ғылыми-технологиялық Хакатонда басқосты. 

Ғылым – ғылым ретінде емес, өндірістің қозғаушы күші ретінде қарастырылды – осындай қағидамен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бастамасымен ұйымдастырылған ғылыми-технологиялық Хакатонға 50-ден астам қатысушы қатысты.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті уран өндіру саласының өзекті мәселелерін талқылау алаңына айналып, 6 топтан тұратын ғалымдар мен тәжірибелі мамандар өнеркәсіптік кластердің 25 өндірістік тапсырмасын шешумен айналысты.

Арнайы құрылған топтарда бірлесіп, сарапшылар нақты нәтижеге бағытталған технологиялық ұсыныстар әзірледі. Ғалымдар мен өндіріс өкілдері уран өндірісінің ерітінділерінен сирек кездесетін металдарды алу және байыту бойынша бірегей технологияларды, жер асты шаймалау кезінде сирек жер металдарын қосымша өндіруді, газ тазарту ерітінділерін қайта өңдеуді, оның ішінде «дымқыл» тазартуды болдырмауды зерттеді.

Ғалым Еркін Бектай сирек кездесетін металдар тақырыбымен жұмыс істеген топтың құрамында  болып, өз пікірін білдірді.  Оның айтуынша, ғылыми қауымдастық нақты өндірістік міндеттерді шешуге кең көлемде алғаш рет топтасып отыр. «Біз уран ерітінділерінен скандийді рентабельді түрде алудың шешімін ұсындық. Ол арнайы әзірленген экстрагенттер мен технологияларды қолдануды қамтып, скандийді ең аз шығындармен және өнімнің максималды тазалығымен тиімді түрде бөлуге мүмкіндік береді. Бұл процестің тиімділігі мен экономикалық негізділігін арттыра отырып, осы саладағы жұмыстың нәтижелерін айтарлықтай жақсарта алады», – деді ғалым.

339.jpeg

340.jpeg

341.jpeg

342.jpeg

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы Жолдауында еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін ашу үшін жүйелі қадам қажет екенін атап өтті. Ғалымдар мен өндірісшілердің симбиозы осы бағыттағы құралдардың бірі болып табылады. Бүгін біз үшінші рет хакатон өткізіп отырмыз. Ол ғалымдар мен өндірісшілердің күш-жігерін біріктіріп, нақты технологиялық міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Мұндай ғылыми-инновациялық форматтар елдегі ғылымның коммерциялануы мен технологиялық прогресстің негізі болып табылады», – деп атап өтті.

 «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Ғылым департаментінің директоры Арманбек Өмірғалидың айтуынша, «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы ғылым мен дамуға әрдайым ерекше көңіл бөледі, өйткені ғылымсыз әлемде жетекші орынға қол жеткізу және оны ұстап тұру мүмкін емес. Мысалы, бізде үш ірі ғылыми орталық бар, оның ішінде Жоғары технологиялар институты бар. Біздің саланы дамытуға бағытталған ғылыми жобаларды жүзеге асыру үшін ғалымдарымыздың Қазақстанның ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының ғалымдарымен ынтымақтастығы біз үшін ерекше маңызды».

343.jpeg

345.jpeg

346.jpeg

344.jpeg

«Осы Хакатонның ерекшелігі – барлық қатысушылар пайдалы дүние жасауға мүмкіндік алды.  Екі күн ішінде біз «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ компаниясына және елдің уран өндіру саласына қажет шешімдерді прототиптеу деңгейіне жеттік. Сонымен қатар, министрліктің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруы үшін болашақ зерттеулер тақырыптары әзірленді. Бұл тұрғыда отандық ғалымдар Қазақстанның ірі уран өндіруші корпорацияларының бірінің сұранысына ие болатын нақты бағыттарды көре алады. Мұндай іс-шаралар ғалымдар мен өндірісшілердің өзара тиімді ынтымақтастығына әкелетініне сенімдімін. Зерттеулеріміздің нәтижелері нақты қолданбалы бағытқа ие екендігіне және оларды қаржыландырып, коммерцияландырып, ең бастысы – өндіріске енгізуге болатынына сенімді бола аламыз», – деді Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымы Нұржан Сүлейменов.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өкілінің айтуынша, ғалымдар мәлімделген тақырып бойынша нақты жұмысқа кірісуге, техникалық сипаттамалары бар ғылыми-техникалық тапсырманы дайындауға және болашақта мемлекеттік гранттық қаржыландыруға үміткер болуға дайын екендіктерін білдірді. Ұзақ мерзімді жобалар тереңірек зерттеуді қажет етеді. Өйткені олар тек өзекті мәселелерге ғана емес, жалпы Қазақстанның уран өндіру өнеркәсібінің болашағына да бағытталған. Хакатон қатысушылары сонымен қатар «Қызылқұм» ЖШС және «Байкен-U» ЖШС кен орындарына барды.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...